https://sputnik.kz/20221017/zhyl-sonyna-deyin-qanday-zholdar-paydalanuga-beriledi-28537648.html
Жыл соңына дейін қандай жолдар пайдалануға беріледі
Жыл соңына дейін қандай жолдар пайдалануға беріледі
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 17 қазан – Sputnik. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев жол саласындағы негізгі жобалар қай кезде аяқталатынын айтты, деп... 17.10.2022, Sputnik Қазақстан
2022-10-17T11:25+0500
2022-10-17T11:25+0500
2022-10-17T11:25+0500
жол
https://sputnik.kz/img/1069/16/10691690_0:104:2000:1229_1920x0_80_0_0_22d24b629058a9f58484a2673fd7c300.jpg
АСТАНА, 17 қазан – Sputnik. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев жол саласындағы негізгі жобалар қай кезде аяқталатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Ірі жобалардың бірі – "Қарағанды – Балқаш – Бурылбайтал – Құрты – Қонаев" жолы. Учаскенің жалпы ұзындығы – 946 шақырым. Бүгінде 428 шақырымда қозғалыс ашылды."Жыл соңына дейін тағы қосымша 106 шақырым ашылады. Қалған 412 шақырымды 2023 жылы аяқтаймыз", - деді Өскенбаев мәжілістегі үкімет сағатында.Бұдан бөлек, жыл соңына дейін "Мерке – Бурылбайтал" жол учаскесі (262 шақырым) толық ашылады. Қазіргі кезде 158 шақырымы аяқталды.2023 жылы іске қосылатын жобалар:Министрдің сөзіне қарағанда, алдағы уақытта автожол жобаларын іске асыру кезінде "Саннан сапаға" қағидаты қолданылады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1069/16/10691690_112:0:1889:1333_1920x0_80_0_0_dcd8ef2f2c8f328ee59d0e4f93213e12.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жол
Жыл соңына дейін қандай жолдар пайдалануға беріледі
АСТАНА, 17 қазан – Sputnik. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев жол саласындағы негізгі жобалар қай кезде аяқталатынын айтты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Ірі жобалардың бірі – "Қарағанды – Балқаш – Бурылбайтал – Құрты – Қонаев" жолы. Учаскенің жалпы ұзындығы – 946 шақырым. Бүгінде 428 шақырымда қозғалыс ашылды.
"Жыл соңына дейін тағы қосымша 106 шақырым ашылады. Қалған 412 шақырымды 2023 жылы аяқтаймыз", - деді Өскенбаев мәжілістегі үкімет сағатында.
Бұдан бөлек, жыл соңына дейін "Мерке – Бурылбайтал" жол учаскесі (262 шақырым) толық ашылады. Қазіргі кезде 158 шақырымы аяқталды.
2023 жылы іске қосылатын жобалар:
Талдықорған – Өскемен (649 шақырымы біткен, 119 шақырымы қалды);
Қалбатау – Майқапшағай (159 шақырым жолда қозғалыс ашылды, 241 шақырымы қалып отыр);
Үшарал – Достық (155 шақырымы дайын, 25 шақырымы қалды);
Ақтөбе – Қандыағаш (52 шақырымы дайын, жыл соңына дейін тағы 44 шақырымы аяқталады);
Атырау – Астрахань (60 шақырымы біткен, 147 шақырымы қалды).
Министрдің сөзіне қарағанда, алдағы уақытта автожол жобаларын іске асыру кезінде "Саннан сапаға" қағидаты қолданылады.