https://sputnik.kz/20221017/toqaev-adam-quqyqtary-zhonindegi-komissiya-28539392.html
Тоқаев Адам құқықтары жөніндегі комиссияның төрағасын қабылдады
Тоқаев Адам құқықтары жөніндегі комиссияның төрағасын қабылдады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 17 қазан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа Президент жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның қызметі жөнінде есеп берілді, деп... 17.10.2022, Sputnik Қазақстан
2022-10-17T12:29+0500
2022-10-17T12:29+0500
2022-10-17T12:29+0500
қоғам
қасым-жомарт тоқаев
адам құқығы
https://sputnik.kz/img/1210/50/12105013_0:104:2000:1229_1920x0_80_0_0_6c4ae907d701c8bd4930ba484c046570.jpg
АСТАНА, 17 қазан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа Президент жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның қызметі жөнінде есеп берілді, деп хабарлайды Ақорда.Адам құқықтары жөніндегі комиссияның төрағасы Игорь Рогов комиссияның отырыстарында адам құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдардың қызметі, сондай-ақ құқық қорғау органдары мен арнайы органдардың қызметінде азаптау фактілерінің алдын-алу мәселесі қаралғанын айтты.Президент адам құқықтарын қорғау мемлекеттік саясаттың маңызды бөлігі екенін атап өтті. Қазақстан Конституциясына сәйкес, адам өмірі – ең жоғары құндылық.Мемлекет басшысына Еуропа кеңесі Венеция комиссиясының жұмысы жөнінде мәлімет берілді. Игорь Рогов – Қазақстанның атынан осы комиссияның мүшесі және Омбудсмен институты жөніндегі шағын комиссияның президенті.Президенттің айтуынша, жуырда конституциялық түзетулерді пысықтау барысында Венеция комиссиясының Омбудсмен мәртебесін көтеру жөніндегі ұсыныстары ескерілді. Бұл адам құқықтарын сақтау саласына бақылауды күшейтеді және мемлекетті халықтың сұранысына жедел жауап беруге ықпал етеді.Игорь Рогов Венеция комиссиясы елімізде жүргізіліп жатқан құқықтық және саяси реформаларға оң баға бергенін айтты.Қазан айында Венеция комиссиясы, парламент мәжілісі мен әділет министрлігі "Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы" Конституциялық заң жобасын талқылауды жоспарлап отыр.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1210/50/12105013_112:0:1889:1333_1920x0_80_0_0_9760cb815c048116994756a9678520e7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, адам құқығы
қасым-жомарт тоқаев, адам құқығы
АСТАНА, 17 қазан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа Президент жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның қызметі жөнінде есеп берілді, деп хабарлайды Ақорда.
Адам құқықтары жөніндегі комиссияның төрағасы Игорь Рогов комиссияның отырыстарында адам құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдардың қызметі, сондай-ақ құқық қорғау органдары мен арнайы органдардың қызметінде азаптау фактілерінің алдын-алу мәселесі қаралғанын айтты.
Президент адам құқықтарын қорғау мемлекеттік саясаттың маңызды бөлігі екенін атап өтті. Қазақстан Конституциясына сәйкес, адам өмірі – ең жоғары құндылық.
Мемлекет басшысына Еуропа кеңесі Венеция комиссиясының жұмысы жөнінде мәлімет берілді. Игорь Рогов – Қазақстанның атынан осы комиссияның мүшесі және Омбудсмен институты жөніндегі шағын комиссияның президенті.
Президенттің айтуынша, жуырда конституциялық түзетулерді пысықтау барысында Венеция комиссиясының Омбудсмен мәртебесін көтеру жөніндегі ұсыныстары ескерілді. Бұл адам құқықтарын сақтау саласына бақылауды күшейтеді және мемлекетті халықтың сұранысына жедел жауап беруге ықпал етеді.
Игорь Рогов Венеция комиссиясы елімізде жүргізіліп жатқан құқықтық және саяси реформаларға оң баға бергенін айтты.
Қазан айында Венеция комиссиясы, парламент мәжілісі мен әділет министрлігі "Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы" Конституциялық заң жобасын талқылауды жоспарлап отыр.