Қоғам

Тәжікстанда ҰҚШҰ ұжымдық күштерінің оқу-жаттығулары басталды

© Министерство обороны РФ / Медиабанкке өтуПродолжается переброска основных сил российских миротворцев ОДКБ в Казахстан
Продолжается переброска основных сил российских миротворцев ОДКБ в Казахстан - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.10.2022
Жазылу
АСТАНА, 17 қазан – Sputnik. Тәжікстанда Орталық Азия аймағындағы Ұжымдық жедел әрекет ету күштерінің (ҰЖӘК) "Шекара-2022" бірлескен оқу-жаттығулары басталды, деп хабарлайды ұйымның баспасөз қызметі.
Шараға қатысушылар Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымына (ҰҚШҰ) мүше мемлекеттің аумағына басып кірген заңсыз қарулы топтарды жою шараларын пысықтайды.
Қарулы күштер Бас штабының басшысы – Тәжікстан Республикасы қорғаныс министрінің бірінші орынбасары генерал-лейтенант Эмомали Собирзода әскери қызметкерлердің кәсіби деңгейін арттыруда бірлескен оқу-жаттығулардың маңызды рөлін атап өтті.
"Бүгінде ҰҚШҰ кеңістігінде қарқынды дамып жатқан ахуал және біздің шекараларымыздың маңында тұрақсыздандырушы факторлардың шоғырлануы дағдарысқа қарсы әрекет ету тетіктерінің, әсіресе оның әскери құрамдас бөліктерінің уақтылы және толыққанды жұмыс істеуінің маңызын арттырып отыр", - деді Эмомали Собирзода.
ҰҚШҰ Біріккен штабының басшысы генерал-полковник Анатолий Сидоров халықаралық лаңкестік қауіп-қатердің күшеюі аясында 2001 жылы құрылған Орталық Азия аймағындағы Ұжымдық жедел әрекет ету күштері қазір де өзектілігін жоймайтынын, олар ҰҚШҰ ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылатынын атап өтті.
"Оқу-жаттығу барысында сіздерге Орталық Азия аймағының Ұжымдық жедел әрекет ету күштерінің бірлескен операциясын дайындау және жүрізу бойынша жауынгерлік дайындық тапсырмаларының кешенін пысықтау қажет. Бөлімшелер таулы аймақтардағы заңсыз қарулы құрылымдарды жою, басып алынған нысандарды босату, мемлекеттік шекара учаскесін қалпына келтіру бойынша жауынгерлік және арнайы операциялар жүргізу бойынша арнайы тапсырмаларды орындайды", - деді генерал-полковник.
Ол Ауғанстан Ислам Республикасындағы жағдайдың Орталық Азия аймағында шешуші ықпалы бар екенін және болашақта аймақтағы шиеленістің төмендеуі екіталай екенін атап өтті.
Сондай-ақ, ол қатысушыларға өздерінің жоғары кәсібилігі, жұмыстағы үйлесімділігі, өзара көмек сынды ең жақсы қабілеттерін көрсетуге тілек білдірді.
Харбмайдон полигонында Орталық Азия өңірі мемлекеттерінің әскери контингенттері, ҰҚШҰ Біріккен штабы мен Хатшылығының жедел топтары қатысып жатыр.
Жаңалықтар
0