https://sputnik.kz/20221017/shubar-shagyn-audanyna-gaz-qashan-tartylady--astana-akimdigi-zhauap-berdi-28556785.html
Шұбар шағын ауданына газ қашан тартылады – Астана әкімдігі жауап берді
Шұбар шағын ауданына газ қашан тартылады – Астана әкімдігі жауап берді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 17 қазан – Sputnik. Келесі жылдан бастап елорданың Шұбар шағын ауданында газдандыру жұмыстары басталады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан әкімдіктің... 17.10.2022, Sputnik Қазақстан
2022-10-17T16:32+0500
2022-10-17T16:32+0500
2023-08-09T12:20+0500
газдандыру
астана
https://sputnik.kz/img/07e5/07/10/17619028_0:168:3047:1881_1920x0_80_0_0_8c44aa299440c5d4cd1e6dbd953250f5.jpg
АСТАНА, 17 қазан – Sputnik. Келесі жылдан бастап елорданың Шұбар шағын ауданында газдандыру жұмыстары басталады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап. Осы жылдың соңына дейін сараптаманың оң қорытындысын алу жоспарланып отыр. Бүгінде Сарыарқа мен Алматы аудандарында үйлерді газға қосуға толық мүмкіндік бар. Атап айтқанда, 10 тұрғын алабы мен 4 шағын ауданға (Ақбидай, Қазақауыл, Нұр-Бесік, Потанин көшесі ауданындағы шағын аудан) газ тартылып тұр. Ол үшін 680 шақырымнан астам газ тарату желісі салынды, ішкі желілер де тартылды. Осы аудандарда тұратын 6,5 мыңға жуық үй (60 процент) газға қосылды. "Ал Байқоңыр және Есіл аудандарында газ құбырын салу жұмысы жүріп жатыр. Биыл аудандық Тұран, Телман қазандықтарына, сол сияқты Ильинка (Үркер), Өндіріс, Телман, Пригородный елді мекендеріне және "Family Village" және "Garden Village" шағын аудандарына газ жеткізу желілерінің құрылысы басталды", - делінген ресми хабарламада. Айта кетері, газдандыру бойынша бірқатар әлеуметтік жеңілдіктер қарастарылған. Мәселен, мұқтаж жандарға бөлінетін сома екі есеге ұлғайтылып, 430 мың теңгеге дейін жеттті. Сондай-ақ, газды есепке алу аспаптары тегін (есептегіштер) беріледі. Банктер арқылы газдандыру шығындарын бөліп төлеу және пайызсыз кредитпен жабуға болады. Үйлерді газға қосуға арналған құжаттар тізімі екі есе қысқартылды.
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/07/10/17619028_157:0:2888:2048_1920x0_80_0_0_00256b06951aea4009efbb52c43ca176.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
газдандыру, астана
АСТАНА, 17 қазан – Sputnik. Келесі жылдан бастап елорданың Шұбар шағын ауданында газдандыру жұмыстары басталады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.
Осы жылдың соңына дейін сараптаманың оң қорытындысын алу жоспарланып отыр.
"Қазіргі уақытта жобалау-іздестіру жұмыстары жүргізілуде. Ал 2023 жылы Шұбар шағын ауданында құрылыс-монтаж жұмыстары басталады", - дейді әкімдік мамандары.
Бүгінде Сарыарқа мен Алматы аудандарында үйлерді газға қосуға толық мүмкіндік бар. Атап айтқанда, 10 тұрғын алабы мен 4 шағын ауданға (Ақбидай, Қазақауыл, Нұр-Бесік, Потанин көшесі ауданындағы шағын аудан) газ тартылып тұр. Ол үшін 680 шақырымнан астам газ тарату желісі салынды, ішкі желілер де тартылды. Осы аудандарда тұратын 6,5 мыңға жуық үй (60 процент) газға қосылды.
"Ал Байқоңыр және Есіл аудандарында газ құбырын салу жұмысы жүріп жатыр. Биыл аудандық Тұран, Телман қазандықтарына, сол сияқты Ильинка (Үркер), Өндіріс, Телман, Пригородный елді мекендеріне және "Family Village" және "Garden Village" шағын аудандарына газ жеткізу желілерінің құрылысы басталды", - делінген ресми хабарламада.
Айта кетері, газдандыру бойынша бірқатар әлеуметтік жеңілдіктер қарастарылған. Мәселен, мұқтаж жандарға бөлінетін сома екі есеге ұлғайтылып, 430 мың теңгеге дейін жеттті. Сондай-ақ, газды есепке алу аспаптары тегін (есептегіштер) беріледі.
Банктер арқылы газдандыру шығындарын бөліп төлеу және пайызсыз кредитпен жабуға болады. Үйлерді газға қосуға арналған құжаттар тізімі екі есе қысқартылды.