https://sputnik.kz/20221017/sheteldikter-ushin-emkhanaga-tirkelu-algoritmi-belgili-boldy-28541999.html
Шетелдіктер үшін емханаға тіркелу алгоритмі белгілі болды
Шетелдіктер үшін емханаға тіркелу алгоритмі белгілі болды
Sputnik Қазақстан
Алматының медициналық ұйымдарына 22 мыңнан астам шетелдік тіркелген, олардың 5 мыңнан астамы Ресей азаматы 17.10.2022, Sputnik Қазақстан
2022-10-17T13:58+0500
2022-10-17T13:58+0500
2023-08-09T12:29+0500
емхана
шетелдік
https://sputnik.kz/img/1274/90/12749000_0:105:2000:1230_1920x0_80_0_0_187635fbab5b9cbef5186e6411f61ff2.jpg
АЛМАТЫ, 17 қазан — Sputnik. Электронды денсаулық сақтау орталығының мамандары еңбек мигранттары Қазақстандағы емханаларға қалай тіркеле алатыны туралы айтты.Қазақстан аумағына уақытша келетін шетелдіктер ерікті медициналық сақтандыру шарты негізінде тіркеледі.Бұл туралы брифингте Республикалық электронды денсаулық сақтау орталығы Алматы қалалық филиалының директоры Гүлнәр Ысқақова айтып берді.Бұл жағдайда берілетін көмек көлемін шетелдік азамат шарт жасасқан медициналық ұйым анықтайды.Тұруға ықтиярхаты немесе тұрақты тұрғын мәртебесі бар шетелдіктердің тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі негізінде, МӘМС шеңберінде тіркелуге және көмек алуға құқығы бар. Ол үшін электронды үкіметтің жеке кабинеті арқылы тіркеуге өтінім беру жеткілікті.Бүгінгі таңда Алматының медициналық ұйымдарына 22 мыңнан астам шетелдік тіркелген, олардың 5 мыңнан астамы Ресей азаматы.Гүлнәр Ысқақова халықаралық келісім аясында ТМД азаматтарына ТМККК шеңберінде шұғыл көмек тегін көрсетілетінін атап өтті.Айта кетері, 15 қыркүйекте Қазақстанда алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарына еркін тіркелу бойынша жыл сайынғы науқан басталды. Ол 15 қарашаға дейін жалғасады.Алматыда алғашқы медициналық-санитарлық көмекті 73 ұйым көрсетеді, оның 40 – мемлекеттік.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1274/90/12749000_110:0:1890:1335_1920x0_80_0_0_80e2804ed429c6168f75df6d66d587cc.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
емхана, шетелдік
Шетелдіктер үшін емханаға тіркелу алгоритмі белгілі болды
13:58 17.10.2022 (жаңартылды: 12:29 09.08.2023) Алматының медициналық ұйымдарына 22 мыңнан астам шетелдік тіркелген, олардың 5 мыңнан астамы Ресей азаматы
АЛМАТЫ, 17 қазан — Sputnik. Электронды денсаулық сақтау орталығының мамандары еңбек мигранттары Қазақстандағы емханаларға қалай тіркеле алатыны туралы айтты.
Қазақстан аумағына уақытша келетін шетелдіктер ерікті медициналық сақтандыру шарты негізінде тіркеледі.
Бұл туралы брифингте Республикалық электронды денсаулық сақтау орталығы Алматы қалалық филиалының директоры Гүлнәр Ысқақова айтып берді.
"Егер шетелдіктер республикаға келіп, Алматыда ұзақ уақыт болса, олар ерікті медициналық сақтандыру шарты аясында аумақтың кез келген емханасына тіркеле алады", – деді ол.
Бұл жағдайда берілетін көмек көлемін шетелдік азамат шарт жасасқан медициналық ұйым анықтайды.
Тұруға ықтиярхаты немесе тұрақты тұрғын мәртебесі бар шетелдіктердің тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі негізінде, МӘМС шеңберінде тіркелуге және көмек алуға құқығы бар. Ол үшін электронды үкіметтің жеке кабинеті арқылы тіркеуге өтінім беру жеткілікті.
Бүгінгі таңда Алматының медициналық ұйымдарына 22 мыңнан астам шетелдік тіркелген, олардың 5 мыңнан астамы Ресей азаматы.
Гүлнәр Ысқақова халықаралық келісім аясында ТМД азаматтарына ТМККК шеңберінде шұғыл көмек тегін көрсетілетінін атап өтті.
"Егер пациент инсульт алса немесе миокард инфарктісі болса, онда шұғыл көмек аясында стационарға жеткізіледі және ауруханаға жатқызылады", – деп атап өтті Гүлнәр Ысқақова.
Айта кетері, 15 қыркүйекте Қазақстанда алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарына еркін тіркелу бойынша жыл сайынғы науқан басталды. Ол 15 қарашаға дейін жалғасады.
Алматыда алғашқы медициналық-санитарлық көмекті 73 ұйым көрсетеді, оның 40 – мемлекеттік.