Семейде тұрғын үйлерден 100 метр жерде қамыс өртенді

© Photo : МЧС РКСемейде қамыс өртенді
Семейде қамыс өртенді - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.10.2022
Жазылу
АСТАНА, 17 қазан – Sputnik. Семейде өткен жексенбіде 3 гектар аумақта қамыс өртенді.
Жақын маңдағы тұрғын үй секторы өрттен 100-150 метр қашықтықта болды, деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
Өрт орнына облыстың төтенше жағдайлар департаменті мен жергілікті атқарушы органдардың күштері мен құралдары жіберілді.
Елуден астам өрт сөндіруші өрттің жеке тұрғын үй секторына таралуына жол бермеді, ешкім зардап шеккен жоқ. Сағат 20.22-де өрт сөндірілді.
Аумақтағы батпақ пен жел өрт сөндіружұмыстарын қиындатқан.
Өрт сөндірілгеніне қарамастан, қайта тұтанып кетпеу үшін техника мен жеке құрам оқиға орнында кезекшілік етіп жатыр.
Предварительная площадь пожаров - более 2000 гектаров - видео - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.10.2022
Видео
Шығыс Қазақстанда қураған шөп өртеніп жатыр – видео
Жаңалықтар
0