https://sputnik.kz/20221017/qarapayym-mekteptin-byudzheti-nazarbaev-ziyatkerlik-mektebinen-37-esege-az-28535834.html
Қарапайым мектептің бюджеті Назарбаев зияткерлік мектебінен 3,7 есеге аз
Қарапайым мектептің бюджеті Назарбаев зияткерлік мектебінен 3,7 есеге аз
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 17 қазан – Sputnik. Мемлекеттік мектептің бюджеті Назарбаев зияткерлік мектебінің бюджетінен 3,7 есе аз. 17.10.2022, Sputnik Қазақстан
2022-10-17T10:48+0500
2022-10-17T10:48+0500
2022-10-17T10:48+0500
назарбаев зияткерлік мектебі
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/1d/15893670_0:147:3119:1901_1920x0_80_0_0_824b1482ed35adf3ef5c90dc75686871.jpg
АЛМАТЫ, 17 қазан – Sputnik. Мемлекеттік мектептің бюджеті Назарбаев зияткерлік мектебінің бюджетінен 3,7 есе аз.2022 жылы 21 зияткерлік мектепке 12,4 млрд теңге бөлінсе, 7 550 мемлекеттік мектепке 1,2 трлн теңге бөлінген.Мемлекеттік мектептерге бөлінетін қаржы сапалы біліммен қамтуға, орта білім беруді жаңғыртуға және мұғалімдердің біліктілігін арттыруға жұмсалады. Дей тұрғанмен ауылды жерлердің біразында оқушылар апаттық мектептерде білім алып жүр.Сондай-ақ материалдық-техникалық база жағынан ауыл және қала мектептері арасындағы айырмашылық жер мен көктей. Қаржыландырудағы айырмашылық, әлеуметтік және көші-қон факторлары ауыл мектептері санының азаюына әкеп соғып жатыр: егер 2015 жылы ауылдағы мектеп саны 5 546 болса, 2021 жылдың соңына қарай 5 262-ге азайған.Сонымен қатар 2020/2021 оқу жылында 34 орта мектеп апатты жағдайда екені белгілі болды. Олардың барлығы ауылдық жерлердегі білім ошақтары.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/1d/15893670_194:0:2925:2048_1920x0_80_0_0_cbce2c326ed78fd631e3076c01659522.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
назарбаев зияткерлік мектебі
назарбаев зияткерлік мектебі
Қарапайым мектептің бюджеті Назарбаев зияткерлік мектебінен 3,7 есеге аз
АЛМАТЫ, 17 қазан – Sputnik. Мемлекеттік мектептің бюджеті Назарбаев зияткерлік мектебінің бюджетінен 3,7 есе аз.
2022 жылы 21 зияткерлік мектепке 12,4 млрд теңге бөлінсе, 7 550 мемлекеттік мектепке 1,2 трлн теңге бөлінген.
"Осылайша 2022 жылы бір мемлекеттік мектептің бюджеті 159 млн теңге болды. Бұл бір зияткерлік мектептің бюджетінен 3,7 есе аз (592,1 млн теңге)", - деп хабарлады ranking.kz.
Мемлекеттік мектептерге бөлінетін қаржы сапалы біліммен қамтуға, орта білім беруді жаңғыртуға және мұғалімдердің біліктілігін арттыруға жұмсалады. Дей тұрғанмен ауылды жерлердің біразында оқушылар апаттық мектептерде білім алып жүр.
Сондай-ақ материалдық-техникалық база жағынан ауыл және қала мектептері арасындағы айырмашылық жер мен көктей. Қаржыландырудағы айырмашылық, әлеуметтік және көші-қон факторлары ауыл мектептері санының азаюына әкеп соғып жатыр: егер 2015 жылы ауылдағы мектеп саны 5 546 болса, 2021 жылдың соңына қарай 5 262-ге азайған.
Сонымен қатар 2020/2021 оқу жылында 34 орта мектеп апатты жағдайда екені белгілі болды. Олардың барлығы ауылдық жерлердегі білім ошақтары.