Павлодар облысында автокөлік жол жақтауына соғылды

© Photo : Pavlodarnews.kzПавлодар облысында автокөлік жол жақтауына соғылды
Павлодар облысында автокөлік жол жақтауына соғылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.10.2022
Жазылу
АСТАНА, 17 қазан – Sputnik. Павлодар облысында тасжолда жантүршігерлік жоп апаты болды.
Көлік жүргізушісі рөлге ие бола алмай қалып, жол жақтауына соғылған, деп хабарлады Pavlodarnews.kz.

Облыстық жедел жәрдем станциясының мәліметінше, апат туралы хабарлама кеше сағат 11.23-те түскен.
"Жедел жәрдем бригадасы оқиға орына 5 минутта жетті. 30 жас шамасындағы адамның ауыр дәрежеде миы шайқалып, маңдай және самай сүйектері, екі білегі сынғаны анықталды. Сондай-ақ церебральды кома және үшінші дәрежелі аралас шок тіркелді", - деді жедел жәрдем қызметкерлері.
Зардап шеккен адам №1 қалалық аурухананың көпжарақат бөлімшесіне жеткізілді.
Жаңалықтар
0