Айзада Мүптілдә ауыр атлетикадан Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

© Photo : Olympic.kzАйзада Мүптілдә
Айзада Мүптілдә - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.10.2022
Жазылу
АСТАНА, 17 қазан – Sputnik. Қазақстандық спортшы Айзада Мүптілдә Бейхрейндегі ауыр атлетикадан Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды.
Спортшы 87 келіден жоғары салмақ дәрежесінде өнер көрсетті, деп хабарлады Olympic.kz.
Қос сайыс қорытындысы бойынша ол 277 (120+157) келіні көтерді.
Екінші орынды Нурул Акмал (Индонезия) иеленді – 267 (114+153) келі.
Тағы бір қазақстандық – Любовь Ковальчук 266 (115+151) келіні көтеріп, қола жүлдегер атанды.
Зілтемір, ауыр атлетика - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.10.2022
Асылжан Бектай ауыр атлетикадан Азия чемпионы атанды
Жаңалықтар
0