https://sputnik.kz/20221016/zhetisulyq-politseyler-zansyz-qiyrshyq-tas-ondirudin-zholyn-kesti-28522675.html
Жетісулық полицейлер заңсыз қиыршық тас өндірудің жолын кесті
Жетісулық полицейлер заңсыз қиыршық тас өндірудің жолын кесті
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 13 қазан — Sputnik. Полицейлер экологтармен бірлескен рейд барысында Қаратал өзенінің жағасында екі жүк көлігі мен экскаваторды ұстады, деп хабарлайды... 16.10.2022, Sputnik Қазақстан
2022-10-16T18:29+0500
2022-10-16T18:29+0500
2022-10-16T18:29+0500
талдықорған
https://sputnik.kz/img/210/24/2102424_0:97:1024:673_1920x0_80_0_0_2d8579c69d6123eb1b1439d6459e7a21.jpg
АЛМАТЫ, 13 қазан — Sputnik. Полицейлер экологтармен бірлескен рейд барысында Қаратал өзенінің жағасында екі жүк көлігі мен экскаваторды ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz. Автотехниканы заңсыз құм-қиыршық тас қоспасын өндіру үшін пайдаланған. Қалалық полиция бөліміне түсініктеме беру үшін үш адам жеткізілді. "Ұсталған азаматтар қандай да бір рұқсат құжаттарын ұсына алмады. Осыған байланысты дерек ресми түрде табиғатты қорғау заңнамасын бұзу ретінде тіркелді. Техника тәркіленіп, арнайы тұраққа қойылды", – деді Жетісу облысы полиция департаментінің аға инспекторы Бағлан Рымжанов. Тәртіп бұзушыларға қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылды. Жиналған материал табиғат пен мемлекетке келтірілген залалды есептеу үшін экология департаментіне жіберілді. Әрі қарай істі сот қарастырады. Табиғатты қорғау полициясы пайдалы қазбаларды – құм, қиыршық тас, шөгінді және топырақты, сонымен қатар құрамында алтын бар кенді заңсыз өндіру фактілерін анықтау бойынша рейдтік іс-шараларды жалғастыруда. Облыс автожолдарында жүк көліктері тексерілуде.
талдықорған
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/210/24/2102424_0:0:1024:768_1920x0_80_0_0_544cd4dc7c76f936cd3a221728f5a482.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
талдықорған
АЛМАТЫ, 13 қазан — Sputnik. Полицейлер экологтармен бірлескен рейд барысында Қаратал өзенінің жағасында екі жүк көлігі мен экскаваторды ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.
Автотехниканы заңсыз құм-қиыршық тас қоспасын өндіру үшін пайдаланған. Қалалық полиция бөліміне түсініктеме беру үшін үш адам жеткізілді.
"Ұсталған азаматтар қандай да бір рұқсат құжаттарын ұсына алмады. Осыған байланысты дерек ресми түрде табиғатты қорғау заңнамасын бұзу ретінде тіркелді. Техника тәркіленіп, арнайы тұраққа қойылды", – деді Жетісу облысы полиция департаментінің аға инспекторы Бағлан Рымжанов.
Тәртіп бұзушыларға қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылды. Жиналған материал табиғат пен мемлекетке келтірілген залалды есептеу үшін экология департаментіне жіберілді. Әрі қарай істі сот қарастырады.
Табиғатты қорғау полициясы пайдалы қазбаларды – құм, қиыршық тас, шөгінді және топырақты, сонымен қатар құрамында алтын бар кенді заңсыз өндіру фактілерін анықтау бойынша рейдтік іс-шараларды жалғастыруда. Облыс автожолдарында жүк көліктері тексерілуде.