Талдықорғандық зауыт жұмысшылары Тоқаевтан көмек сұрайды

© Photo : Рixabay.com/Karl Reinery Каски
Каски - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.10.2022
Жазылу
Олар жалақының аздығына шағымданып, мекемедегі мемлекет қаржысының қайда жұмсалып жатқанын тексеруге шақырады
АЛМАТЫ, 16 қазан - Sputnik. Жетісу облысы Талдықорған қаласындағы "Темірбетон" ЖШС қызметкерлері президент пен құқық қорғау органдарынан кәсіпорынның қызметін тексеруді сұрайды.
Зауыт жұмысшылары Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына арнайы бейнеүндеу түсіріп алған. Онда олар жалақы мөлшеріне көңілі толмайтынын айтады.
"Бас прокуратура мен  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтен біздің зауытты тексеруді сұраймыз. Мемлекеттік субсидиялар қайда кетіп жатқанын анықтаңыздар. Айлық табысымыз 100-150 мың теңге, сәл ғана үстемақы бар. Мұның бәрі еңбек шартында көрсетілмеген. Шамасы, ЖШС басшылығы Қазақстан Республикасының заңнамасына бағынбайды", – дейді жұмысшылар.
Естеріңізге сала кетсек, "Темірбетон" ЖШС 1999 жылы Талдықорған темір-бетон тіректері зауытының өндірістік базасында құрылған, АСПМК-519 компаниялар тобына кіреді
"Темірбетон" ЖШС жұмысшылары ​ҚР президентінің, ҚР үкіметінің, ҚР Бас прокуратурасының, ҚР энергетика министрлігінің, еңбек және әлеуметтік қамсыздандыру министрлігінің және сыбайлас жемқорлық агенттігі атына бейнеөтініш жасалғаны рас. Жұмысшылармен түсіндіру жұмыстарын Талдықорған қаласының әкімі А. Масабаев, аппарат басшысы, облыстың кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Д. Серіков, облыстың еңбек инспекциясының басшысы Б. Молдахметов жүргізді. Жергілікті билік сейсенбіде зауыттың барлық қызметкерлерімен кездесуге және ұжымның проблемалық мәселелерін қарастыраиын болады",-деп хабарлайды Жетісу облыстық әкімдігі баспасөз қызметі.
Жаңалықтар
0