Белгород облысындағы полигонда атысқа байланысты қылмыстық іс қозғалды

© Pixabay / Jana SchneiderПапки с документами
Папки с документами - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.10.2022
Жазылу
АСТАНА, 16 қазан — Sputnik. Ресей Тергеу комитетінің Бас әскери тергеу басқармасы Белгород облысындағы полигонда болған атыс фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Атыс салдарынан 11 адам қаза тапты, деп хабарлайды РФ СК Telegram-каналы.
"Ресейдің тергеу комитетінің Бас әскери тергеу басқармасы Белгород облысындағы қылмыстық іс-қимыл фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Белгород облысындағы полигондағы оқиға салдарынан 11 адам оқ қаза тауып, тағы 15 адам жарақат алды", - делінген хабарламада.
Әскери тергеушілер болған оқиғаның барлық мән-жайларын анықталып жатыр. Ресей Қорғаныс министрлігінің айтуынша, ТМД елдерінің бірінің екі азаматы Белгород облысындағы Батыс әскери округ полигонында ланкестік шабуыл жасаған.
Полигонда арнайы әскери операцияға қатысуға ниет білдірген азаматтарға атыс дайындығы бойынша сабақ өтіп жатқан.
Оқиға салдарынан 11 адам қаза тапты, 15 адам зардап шекті және медициналық көмек алып жатыр. Бөлімшенің жеке құрамы бойынша атыс қаруынан оқ атқан террористер жойылды, деп мәлімдеді Қорғаныс ведомствосында.
Жаңалықтар
0