Экономика

Президенттер кездесуі: елдер түрікмен-ауған шекарасында астық терминалын салады

© Photo : Пресс-служба Президента Республики КазахстанҚазақстан және Түрікменстан президенттері
Қазақстан және Түрікменстан президенттері - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.10.2022
Жазылу
АСТАНА, 15 қазан – Sputnik. Қазақстан мен Түрікменстан түрікмен-ауған шекарасында астық терминалын салады. Бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Түрікменстан басшысы Сердар Бердімұхамедовтің Астанаға мемлекеттік сапары барысында екі ел президенттері ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық мәселелерін қозғады.
Тоқаевтың айтуынша, кездесуде Қазақстан бидайын Түрікменстан нарығына экспорттау перспективкасы талқыланды. Сонымен қатар түрікмен-ауған шекарасында салынатын астық терминалы да сөз болды.

"Түрікмен-ауған шекарасында астық терминалын салу жоспарына жеке тоқталдық. Осы мақсатта бірлескен жұмыс тобы құрылды, олар жобаны жүзеге асыру мерзімі мен шарттарын талқылап жатыр. Сердар Бердімұхамедовтің ұсынысымен жол картасы әзірленеді. Екі елдің үкіметтері бұл бағытта белсенді жұмыс істесе, бұл мәселелер оң шешімін табады деген ойдамын", - деді Тоқаев Ақордада өткен брифингте.

Айта кетері, кеше Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов алғаш рет Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді. Түрікмен лидері 14 қазанда ТМД мемлекет басшылары кеңесінің саммитіне және Орталық Азия - Ресей саммитіне қатысты.
Сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сердар Бердімұхамедов екіжақты келіссөз өткізіп, маңызды құжаттарға қол қойды.
Жаңалықтар
0