https://sputnik.kz/20221015/qazaqstan-men-turikmenstan-ozara-sauda-28505283.html
Қазақстан мен Түрікменстан өзара сауданы 500 млн долларға дейін жеткізуді жоспарлап отыр
Қазақстан мен Түрікменстан өзара сауданы 500 млн долларға дейін жеткізуді жоспарлап отыр
Sputnik Қазақстан
Өткен жылдың қорытындысы бойынша екіжақты тауар айналымы 250 миллион доллардан асты 15.10.2022, Sputnik Қазақстан
2022-10-15T12:36+0500
2022-10-15T12:36+0500
2022-10-15T12:37+0500
экономика
қазақстан
түрікменстан
сауда
доллар
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/0f/28505047_0:167:3045:1881_1920x0_80_0_0_196f240794e38dc33b24200ec3566de3.jpg
АСТАНА, 15 қазан – Sputnik. Қазақстан мен Түрікменстан өзара сауда өсімін таяу жылдары 500 миллион долларға дейін жеткізуді көздеп отыр. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедовтің Қазақстанға мемлекеттік сапары барысында сауда-экономикалық серіктестікке ерекше назар аударылды. "Бірлескен шаралардың арқасында өткен жылдың қорытындысы бойынша екіжақты тауар айналымы екі есе өсіп, 250 миллион доллардан асты. Оң динамика биыл да сақталып отыр. Жеті ай ішінде өзара сауда екі есе өсті. Үкіметаралық және іскерлік топтар арасындағы байланыс жанданды", - деді Тоқаев Ақордада БАҚ өкілдеріне арналған брифингте. Президент экономиканың түрлі саласында бірқатар жоба жүзеге асырылып жатқанын, сол себепті сауда-экономикалық кооперацияны тереңдетуге әжептәуір резерв бар екенін атап өтті. "Біздің мақсатымыз – таяу жылдары өзара сауда өсімін 500 миллион долларға дейін жеткізу. Ал болашақта 1 миллиард долларға жетуге мүмкіндігіміз бар. Осы үшін біз тауар айналымын ұлғайту және жеткізілетін тауарлардың номенклатурасын кеңейту бойынша екіжақты жұмыс тобының қызметін жандандыруды тапсырдық. Екі елдің үкіметтері бұл мәселелерді пысықтайды", - деді Тоқаев. Ол екі ел алдына экспортты әртараптандыру міндеті қойылғанын мәлімдеді. Мәселен, Қазақстан Түрікменстанға 80 тауар позициясы бойынша экспортты ұлғайта алады. Тоқаев бүгін екі елдің мүддесіне сай келетін аса маңызды уағдаластықтарға қол жеткізгенін, халықарлық және өңірлік өзекті мәселелер бойынша пікір алмасқанын айтты. Сондай-ақ бірлескен мәлімдеме қабылданып, бірқатар маңызды келісімшартқа қол қойылды. Президент Сердар Бердімұхамедовтің алғашқы мемлекеттік сапары қазақ-түрікмен ынтымақтастығын дамытуға тың серпін береді деп сенеді.
қазақстан
түрікменстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/0f/28505047_122:0:2853:2048_1920x0_80_0_0_7122cac2843c04a783d7d0e4cd9ffea7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстан, түрікменстан, сауда, доллар
қазақстан, түрікменстан, сауда, доллар
Қазақстан мен Түрікменстан өзара сауданы 500 млн долларға дейін жеткізуді жоспарлап отыр
12:36 15.10.2022 (жаңартылды: 12:37 15.10.2022) Өткен жылдың қорытындысы бойынша екіжақты тауар айналымы 250 миллион доллардан асты
АСТАНА, 15 қазан – Sputnik. Қазақстан мен Түрікменстан өзара сауда өсімін таяу жылдары 500 миллион долларға дейін жеткізуді көздеп отыр. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедовтің Қазақстанға мемлекеттік сапары барысында сауда-экономикалық серіктестікке ерекше назар аударылды.
"Бірлескен шаралардың арқасында өткен жылдың қорытындысы бойынша екіжақты тауар айналымы екі есе өсіп, 250 миллион доллардан асты. Оң динамика биыл да сақталып отыр. Жеті ай ішінде өзара сауда екі есе өсті. Үкіметаралық және іскерлік топтар арасындағы байланыс жанданды", - деді Тоқаев Ақордада БАҚ өкілдеріне арналған брифингте.
Президент экономиканың түрлі саласында бірқатар жоба жүзеге асырылып жатқанын, сол себепті сауда-экономикалық кооперацияны тереңдетуге әжептәуір резерв бар екенін атап өтті.
"Біздің мақсатымыз – таяу жылдары өзара сауда өсімін 500 миллион долларға дейін жеткізу. Ал болашақта 1 миллиард долларға жетуге мүмкіндігіміз бар. Осы үшін біз тауар айналымын ұлғайту және жеткізілетін тауарлардың номенклатурасын кеңейту бойынша екіжақты жұмыс тобының қызметін жандандыруды тапсырдық. Екі елдің үкіметтері бұл мәселелерді пысықтайды", - деді Тоқаев.
Ол екі ел алдына экспортты әртараптандыру міндеті қойылғанын мәлімдеді. Мәселен, Қазақстан Түрікменстанға 80 тауар позициясы бойынша экспортты ұлғайта алады.
Тоқаев бүгін екі елдің мүддесіне сай келетін аса маңызды уағдаластықтарға қол жеткізгенін, халықарлық және өңірлік өзекті мәселелер бойынша пікір алмасқанын айтты. Сондай-ақ бірлескен мәлімдеме қабылданып, бірқатар маңызды келісімшартқа қол қойылды.
Президент Сердар Бердімұхамедовтің алғашқы мемлекеттік сапары қазақ-түрікмен ынтымақтастығын дамытуға тың серпін береді деп сенеді.