https://sputnik.kz/20221015/politsiya-qazaqstan-sheteldik-ushaq-28492604.html
Полиция Қазақстанда үш жыл бойы жасырынып жүрген шетелдікті ұшаққа отырғызып жіберді
Полиция Қазақстанда үш жыл бойы жасырынып жүрген шетелдікті ұшаққа отырғызып жіберді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 15 қазан – Sputnik. Қостанай облысында үш жылдан астам уақыт бойы полициядан жасырынып жүрген шетел азаматы ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz. 15.10.2022, Sputnik Қазақстан
2022-10-15T08:12+0500
2022-10-15T08:12+0500
2022-10-15T08:12+0500
полиция
ұшақ
https://sputnik.kz/img/07e6/07/0d/26109591_719:767:2997:2048_1920x0_80_0_0_e025eb27e62777edfb9104517284815e.jpg
АСТАНА, 15 қазан – Sputnik. Қостанай облысында үш жылдан астам уақыт бойы полициядан жасырынып жүрген шетел азаматы ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.Ресми мәліметке сәйкес, Нигерия азаматы көші-қон заңнамасын бұзған. Сол үшін соттың шешімімен елден шығуға міндеттелген. Алайда Қазақстанның түрлі қаласында тұрып, полициядан үш жылдан астам уақыт бойы жасырынып жүрген. Осы жолы оның бас бостандығын шектеуге шешім шығарылды. Облыстық бюджеттің ақшасына "Алматы-Доха" бағытында ұшаққа билет сатып алынған. Ал полицейлер оны Алматы қаласының әуежайына апарып тастады. Ұшаққа қалай мінгенін де бақылап тұрды. Енді ол 5 жыл бойы Қазақстанға кіре алмайды. Айта кетері, Қостанай облысында "Нелегал" жедел алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр. 4 күннің ішінде елден 11 шетелдік шығарылды. Облыста 100-ден астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олардың барлығы ішкі істер органдарына шетелдіктердің тұрып жатқаны туралы мәлімет бермеген.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/07/0d/26109591_928:670:2765:2048_1920x0_80_0_0_1485ace99d57b2143d87e5a8d9f610f2.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
полиция, ұшақ
Полиция Қазақстанда үш жыл бойы жасырынып жүрген шетелдікті ұшаққа отырғызып жіберді
АСТАНА, 15 қазан – Sputnik. Қостанай облысында үш жылдан астам уақыт бойы полициядан жасырынып жүрген шетел азаматы ұсталды, деп хабарлайды
Polisia.kz.
Ресми мәліметке сәйкес, Нигерия азаматы көші-қон заңнамасын бұзған. Сол үшін соттың шешімімен елден шығуға міндеттелген. Алайда Қазақстанның түрлі қаласында тұрып, полициядан үш жылдан астам уақыт бойы жасырынып жүрген.
Осы жолы оның бас бостандығын шектеуге шешім шығарылды. Облыстық бюджеттің ақшасына "Алматы-Доха" бағытында ұшаққа билет сатып алынған. Ал полицейлер оны Алматы қаласының әуежайына апарып тастады. Ұшаққа қалай мінгенін де бақылап тұрды. Енді ол 5 жыл бойы Қазақстанға кіре алмайды.
Айта кетері, Қостанай облысында "Нелегал" жедел алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр. 4 күннің ішінде елден 11 шетелдік шығарылды. Облыста 100-ден астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олардың барлығы ішкі істер органдарына шетелдіктердің тұрып жатқаны туралы мәлімет бермеген.