Елордадағы "Ататүрік" саябағы қалай өзгерді

© Photo : Пресс-служба акима Астаны Астанадағы "Ататүрік" саябағы
Астанадағы Ататүрік саябағы  - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.10.2022
Жазылу
АСТАНА, 15 қазан – Sputnik. Биыл Астанадағы "Ататүрік" саябағы абаттандырылды, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.
"Ататүрік" саябағы өзінің жайлы және "жасыл" атмосферасымен танымал. Бүгінде мұнда саябақтың басты шыршасының айналасында әткеншектер мен орындықтары бар шатырдың астында жаңа балалар ойын алаңы құрылды.
© Photo : Пресс-служба акима Астаны Астанадағы "Ататүрік" саябағы
Астанадағы Ататүрік саябағы  - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.10.2022
Астанадағы "Ататүрік" саябағы
Сонымен қатар XIII ғасырдағы түрік ақыны, түрік поэзиясының негізін қалаушы және сопылық ілімнің өкілі Юнус Эмреге арнап ескерткіш орнатылған. Оның түрік әдебиетіне қосқан үлесі өте ауқымды.
Саябақта тыныш және бейбіт атмосфера бар, онда қала тұрғындары тыныш уақыт өткізіп, демала алады. Көктемде және күзде гүлдейтін ағаштардың арқасында саябақ гүлдердің әртүрлі реңктеріне ие болады.
Айта кету керек, елордада жыл сайын қала тұрғындары мен қонақтары бос уақыттарын жайлы және денсаулыққа пайдалы өткізе алатын жаңа орындар көбейіп келеді. Соңғы жылдары Астанада 750-ден астам аулалар мен қоғамдық кеңістіктер (саябақтар, скверлер, бульварлар) абаттандырылды. Тек тұрғын алаптарда 300-ге жуық аулалар мен қоғамдық кеңістіктер абаттандырылды, Көкталда 16 гектарға саябақ салынды.
Қоғамдық кеңістіктер мен аула аумақтарында әркім өз қалауына қарай шұғылданады: баскетбол/футбол алаңдары, workout-аймақтар, тыныш демалуға арналған аймақтар, аркалы әткеншектер, шығармашылық өнер көрсетуге арналған сахналар, скейт-аймақтар және т. б.
Жаңалықтар
0