Dala dauysy республикалық конкурсы жарияланды

© Photo : Рixabay/SimonephМикрофон
Микрофон - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.10.2022
Жазылу
АЛМАТЫ, 15 қазан – Sputnik. DALA DAUYSY республикалық конкурсы жарияланды. Бұл туралы мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев әлеуметтік желіде жазды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Жалпы жүлде қоры 46 млн теңгені құрайтын конкурс негізгі үлкен 5 номинация бойынша 16 сыйлықты қамтиды. Оның ішіндегі "25 қазан – Республика күні" ұлттық мерекесін өнерпаздарымыз шығармашылықтарына арқау ету үшін арнайы тағайындалған "Республика әні" (эстрада жанры бойынша патриоттық әндер) номинациясын ерекше атап кетуімізге болады"- дейді Дәурен Абаев.
Сонымен жоғарыда айтылған 5 номинация:
"Үздік фольклорлық музыка";
"Үздік классикалық музыка";
"Үздік драматургиялық туынды";
"Үздік музыкалық-театрлық жанр туындысы";
"Республика әні" (Эстрада жанры).
Сонымен қатар мәдениет және спорт министрлігінің 2 арнайы жүлдесі бар.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, конкурс жаңа авторды елге танытуға, тың туындылардың көпшікке таралуына, патриоттық әндердің кеңінен насихатталуына серпін береді.
Конкурс туралы толық ақпарат Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театрының www.kaztheatre.kz сайтында көрсетілген.
Өтінімдер 15 қазан мен 15 қараша аралығында қабылданып, сыйлықт желтоқсан айында тапсырылады деп жоспарланып отыр.
Жаңалықтар
0