Бір тәулікте үш адамды өлтірген, біреуі сәби

© Sputnik / Табылды КадырбековАрхивтегі фото
Архивтегі фото   - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.10.2022
Жазылу
Колонияданжаңа шыққан Павлодар облысының тұрғыны төрт күннің ішінде тағы да бірнеше жантүршігерлік қылмыс жасады. Зорлық жасап, үш адамды өлтірген. Оның бірі сегіз айлық бала
Екі рет сотталған Павлодар облысына қарасты аудандардың бірінің тұрғыны 31 жастағы Қанат Өтешев 1989 жылы 11 сәуірде аса ауыр қылмыс жасағаны үшін тұрғылықты жеріне жақын түзеу мекемесінде жазасын өтеп шыққан. Екі күннен кейін ол Павлодарда өзімен бір колонияда болған досы Анатолий Кисловқа қонаққа барады. Анатолий және оның ағасы Игорь, олардың азаматтық некедегі әйелдері мен әкесі Өтешевтің бостандыққа шыққанын тойлайды.
Мереке созыла берді. Екінші күні кешке Анатолий әйелінің әкесіне баратынын айтып, Қанатты өзімен бірге жүруге шақырады. Бірақ Қанат ұйықтағысы келетінін айтып, бас тартады.
Алайда Қанат Өтешевтің негізгі мақсаты Игорьдің азаматтық некедегі әйелі оңаша қалғанда жыныстық қатынасқа итермелеу болады. Игорьдің дүкенге кеткенін пайдаланған ол арам ойын жүзеге асыруға кіріседі.
Қаскүнем әйелден шай қайнатып беруін сұрайды. Ас үйге кірген соңшешінуін талап етеді. Ашуланған әйел маңына жолатпайды. Өтешев күштеп зорламақ болады. Әйел жанұшыра терезені сындырып, адамдарды көмекке шақыра бастайды. Ел естіп қоя ма деп сескенген Өтешев әйелді буындырады.
Әйел есін жоғалтқанда есік қоңырауы шырылдайды. Шуды естіген бірінші қабаттағы көршісі Маринин не болып жатқанын білуге ​​бел буған. Ольганың тұншықтырып өлтірдім деп ойлаған Өтешев: "Енді кезек келесісі" деп ашуға булығады.
Бірақ бұл кезде Ольга оянып, зұлым адамның бөлмеде жоқтығын пайдаланып, екінші қабаттың терезесінен секіріп кеткен. Құлаған бойда арқасы қатты ауырған Ольга сол күйі орнынан тұра алмай қалған.
Ольганың жерде отырғанын көрген көршісі Маринин көшеге жүгіріп шықты. Ол Ольгаға есік жабық екенін, Кисловтар үйінің есігін ешкім ашпағанын айтқан.
"Қанат мені зорлап өлтірмек болды", - деді жәбірленуші Марининге.
Маринин тағы да Кисловтардың пәтеріне барады. Бірақ Қанат баспалдақтан өзі түсіп келе жатқан еді.
"Сен не істедің?!" - деп айқайлаған ер адам қаскүнемді қолынан ұстап, жерде отырған Ольгаға апарады.
Өтешев кенет қалтасынан досының пәтерінен алған асхана пышағын шығарып, өзін ұстап тұрған Марининнің кеуде тұсынан сұғып жібереді. Маринин зұлымды босатып, бірнеше қадам басып, "ұстаңдар" деп айтқан күйі құлайды.
Өтешев қаша жөнеледі. Үй тұрғындары оны қуып жете алмаған.
Зардап шеккен Маринин мен Ольгаға жедел жәрдем шақырылды. Алайда жедел жәрдем келгенше ер адам қайтыс болған. Жедел жәрдем әйелді ауруханаға жеткізеді, Ольганың бел омыртқасы сынғаны белгілі болады.
Ал нәпсіқұмар Өтешев өз мақсатына жетуге бел буады. Ол үшін күйеуі, қызы және сегіз айлық ұлы Русланмен бірге тұратын алыс туысы Мәдина Имашеваға барған.
Үйде күйеуі де, қызы да болмаған. Осыны пайдаланған қаскүнем әйелге шабуыл жасап, оны зорлап, пышақтап өлтірген.
Бірақ бұл да оған жеткіліксіз болды. Қанішер әйелдің кішкентай ұлының басын жаншып тастаған. Әйелдің өзіне қарсылық көрсеткеніне ызаланған Өтешев еш себепсіз осындай қадамға барған. Сабақтан келген студент қыз анасы мен інісінің өлі денесінің үстінен түседі.
Қыз көршісіне жүгіріп, онымен бірге жедел жәрдем мен полицияны шақырған. Бірақ дәрігерлердің қолынан ештеңе келмеді. Ал тәртіп сақшылары қылмысты тергеуді бастады.
Күдікті ізін суытып үлгермеді. Ертеңіне, яғни 15 сәуірде жедел уәкілдер Өтешевті жасырынған саяжайлардың бірінде ұстады.
Алдын ала тергеуде айыпталушы бәрібір ату жазасына кесілетінін, түсінік берудің мағынасы жоқ екенін айтып, жауап беруден бас тартты.
Ол сот отырысында Марининді өлтіргенін мойындағанымен, Ольганы зорламақ болғанын еш мойындамады. Яғни, Кисловтардың пәтерінде әйелді зорлау және өлтіру әрекетін жоққа шығарды.
Қылмыскердің айтуынша, ас үйде үстел үстінде жатқан әмиянынан Ольга 50 мың рубль ұрлап алып, бермей қойған. Ашуланған Өтешев Ольганыңбірнеше рет ұрған. Сол кезде есік қоңырауы шырылдайды. Бұл есікті ашуға барғанда Ольга терезеден секіріп кеткен. Алайда әйелдің мойнындағы жарақат белгілерін Өтешев түсіндіріп бере алмады. Ал Марининді өлтіремін деп ойламадым, ол өзі ұмтылып келіп, пышаққа ұрынды дегенді айтады.
Сол сияқты ол Мәдина Имашеваны зорламағанын және сәбиі екеуінің өліміне еш қатысы жоқтығын мәлімдеді. Өзін ақтау үшін тіпті детективтік сценарий ойлап тапқан.
Қылмыскердің айтуынша, ол Марининді өлтіргеннен кейін жасырыну үшін алыстағы туыстарына барған.
"Имашевтардың үйіне жақындағанымда екі жігіттің шығып кеткенін көрдім. Олардың бірін таныдым – Мәдинаның күйеуі мені онымен тоғыз жыл бұрын таныстырған. Бұл жігіттер оны және баланы өлтірген болуы мүмкін",- дейді Өтешев.
Оның айтуынша, ол тіпті "қанішерлерді" қуып жетпек болып, аялдамаға жүгірген, бірақ жігіттер жеткізбеген.
Марқұм Мәдинаның қаны мен киімінің микроскопиялық бөлшектері, сондай-ақ оның киіміндегі талшықтар табылған. Дәлізде қанға боялған туысқанын ол тірі деп ойлап, оны бөлмеге сүйреп апарған көрінеді.
Алайда сотталушының киімінің микробөлшектері марқұмның іш киімінен де табылған, бірақ оны Өтешев түсіндіре алмады. Сондай-ақ Имашевтардың үйінен жедел қызметкерлер Марининді өлтірген пышақты тапты. Оның үстіне Мәдинаның күйеуі Өтешевті ешкіммен таныстырмағанын айтты.
Сондай-ақ сотталушы әйелді зорлай алмайтынын, себебі ол импотент екенін, осыған байланысты емделіп жатқанын және есепте тұрғанын айтып ақталған.
Алайда тексеру Қанаттың бұл емдеу мекемесіне бірде-бір рет жүгінбегенін, тіпті, ол жерде тіркелмегенін дәлелдеп берген.
Осының бәрін негізге ала отырып, сот Өтешевтің жауапкершіліктен жалтару үшін айтқан уәждерін қисынсыз деп таныды. Ал оған тағылған барлық кінә куәлар мен жәбірленушілердің айғақтарымен, сараптама деректерімен және басқа да көптеген дәлелдемемен толық дәлелденген.
Сот үкім шығару кезінде сотталушының әлеуметтік қауіптілігін, оның екі рет сотталғанын, бірақ қайтадан аса ауыр қылмыс жасағанын назарға алады. Онымен қоймай, Өтешев оларды мас күйінде, тіпті сәбиді де аямай, ерекше қатыгездікпен өлтіргені негізге алынады. Өтешев бір күнде 3 адамды өлтірді.
Павлодар облыстық сотының сот алқасы Қанат Өтешевке ерекше жаза – өлім жазасына кесу туралы үкім шығарды.
Сотталушы бұл үкімге Жоғарғы сотқа шағым түсірмек болған, бірақ сот үкімі өз күшінде қалды. Көп ұзамай үкім орындалды.
(Адамдардың аты-жөні өзгертілді).
Жаңалықтар
0