Түрікменстан президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді

© PhotoТүрікменстан президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді
Түрікменстан президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.10.2022
Жазылу
АСТАНА. 14 қазан — Sputnik. Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов Астанаға ұшып келді. Бұл оның Қазақстанға алғашқы мемлекеттік сапары.
Сапар барысында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Түрікменстан басшысы Сердар Бердімұхамедов өзара іс-қимыл мәселелерінің кең ауқымын, сондай-ақ өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылайды деп жоспарланып отыр.

Сонымен қатар Бердімұхамедов ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысына және "Орталық Азия – Ресей" саммитіне қатысады.
Үкімет басшысы баспасөз қызметінің мәліметінше, Түрікменстан президентін Астана әуежайында премьер-министр Әлихан Смайылов күтіп алды.
Жаңалықтар
0