Қазақстан президенті көрші елдерге: тағдыр бізге бірге болуды жазған

© Пресс-служба президента КазахстанаҚасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.10.2022
Жазылу
АСТАНА, 14 қазан – Sputnik. "Орталық Азия – Ресей" саммитінде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпсіздік мәселесіне назар аударды.

"Біріншісі – бұл қауіпсіздік. Тағдыр біздің елдерімізге бірге болуды жазған. Біз ортақ тарихымызды сақтап, халқымыздың игілігі жолында ортақ болашақ құруымыз керек. Әр мемлекеттегі тұрақтылық пен қауіпсіздік өңірдің дамуына тікелей әсер етеді", - деді Тоқаев саммитте.

Айтуынша, тұрақсыздыққа алып келетін факторлардың бірі – өңірдегі жекелеген елдер арасындағы шекара мәселесінің реттелмеуі.
"Шекара проблемасы ғасырлар бойы қалыптасқан достық, өзара сенім және тату көршілік негізінде, сондай-ақ халықаралық құқық пен БҰҰ Жарғысының іргелі қағидаттарын мүлтіксіз сақтау арқылы тек бейбіт жолмен шешілуге тиіс", - деп атап өтті президент.
Тоқаевтың пікірінше, шекараларды делимитациялаудың өзара тиімді тәсілдерін әзірлеу және осы маңызды миссияға тәжірибелі сарапшыларды тарту үшін өңірлік сараптама алаңын құру пайдалы болады.
Қасым-Жомарт Тоқаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.10.2022
Саясат
Тоқаев "Орталық Азия – Ресей" саммиті жайлы: уақытылы ұсыныс деп санаймын
Жаңалықтар
0