https://sputnik.kz/20221014/tmd-2025-zhyl-uly-zhenis-28474498.html
ТМД-да 2025 жыл Ұлы Жеңіс жылы деп жарияланды
ТМД-да 2025 жыл Ұлы Жеңіс жылы деп жарияланды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 14 қазан – Sputnik. ТМД президенттері 2025 жылды Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы жылы деп жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 14.10.2022, Sputnik Қазақстан
2022-10-14T14:36+0500
2022-10-14T14:36+0500
2022-10-14T14:36+0500
жеңіс
тмд
https://sputnik.kz/img/07e6/05/09/24724318_0:160:3073:1888_1920x0_80_0_0_7f73693da94be363cecb6fa118b9918d.jpg
АСТАНА, 14 қазан – Sputnik. ТМД президенттері 2025 жылды Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы жылы деп жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Қазақстанның сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді ТМД мемлекет басшылары достастықтағы жылдарды қандай да бір бағытқа арнау мәселесіне ерекше көңіл бөлгенін атап өтті. Сондай-ақ дәстүр бойынша ТМД мемлекет басшылары кеңесі ТМД-ның мәдени астанасы мәртебесін иеленетін қаланы анықтады. Ресейдің ұсынысымен және басқа мемлекеттердің қолдауымен 2023 жылы ТМД мәдени астанасы болып Санкт-Петербург қаласы жарияланды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/05/09/24724318_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_69cc1da8fd850fa8868ac1005f0bf9c6.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жеңіс, тмд
ТМД-да 2025 жыл Ұлы Жеңіс жылы деп жарияланды
АСТАНА, 14 қазан – Sputnik. ТМД президенттері 2025 жылды Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы жылы деп жариялады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қазақстанның сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді ТМД мемлекет басшылары достастықтағы жылдарды қандай да бір бағытқа арнау мәселесіне ерекше көңіл бөлгенін атап өтті.
"2024 жылды Еріктілер қозғалысы жылы, 2025 жылды Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы – Нацизммен күрес бойынша Бейбітшілік және бірлік жылы, ал 2026 жылды Денсаулықты сақтау жылы деп жариялау туралы шешім қабылданды", - деді Тілеуберді ТМД саммитінен кейін өткен брифингте.
Сондай-ақ дәстүр бойынша ТМД мемлекет басшылары кеңесі ТМД-ның мәдени астанасы мәртебесін иеленетін қаланы анықтады.
Ресейдің ұсынысымен және басқа мемлекеттердің қолдауымен 2023 жылы ТМД мәдени астанасы болып Санкт-Петербург қаласы жарияланды.