https://sputnik.kz/20221014/shymkentte-alayaqtyq-qyzmet-28489031.html
Шымкентте алаяқтық үшін айыпталған полицей жаңа қызметке кірісті
Шымкентте алаяқтық үшін айыпталған полицей жаңа қызметке кірісті
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 14 қазан – Sputnik. Түлкібас аудандық полиция бөлімінің бұрынғы басшысы Данияр Мейірхан жаңа басшылық қызметке кіріскенін мәлімдеді. 14.10.2022, Sputnik Қазақстан
2022-10-14T19:05+0500
2022-10-14T19:05+0500
2022-10-14T19:22+0500
шымкент
https://sputnik.kz/img/496/72/4967234_0:0:3262:1836_1920x0_80_0_0_da8e2ce8f6e6dbc2a1bc656d54fce241.jpg
АСТАНА, 14 қазан – Sputnik. Түлкібас аудандық полиция бөлімінің бұрынғы басшысы Данияр Мейірхан жаңа басшылық қызметке кіріскенін мәлімдеді. "Осы үш жыл ішінде мен Түлкібас ауданы тұрғындарының ерекше қолдауына ие болдым. Жеке құраммен бірге сеніп тапсырылған аумақта тәртіп сақтау қиын болған жоқ. Полицейлердің әрекеттеріне құрметпен қарағаны үшін жергілікті тұрғындарға алғысымды білдіремін. Менің әріптестерім ауданда құқықбұзушылықты төмен деңгейде ұстайтынына сенімдімін. Ал маған басшылық Шымкентте тәртіп орнатуды тапсырды, алға жылжу уақыты келді", - деп жазды Мейірхан әлеуметтік желідегі парақшасында. Шымкент қалалық полиция департаменті оның жаңа басшылық қызметке тағайындалғанын растады. Мейірхан патрульдік полиция полкінің командирі қызметіне кірісті. Айта кетері, биыл сәуір айында Шымкент қалалық полиция департаментінің ішкі қауіпсіздік басқармасы Данияр Мейірханның ұсталғанын хабаралады. Оған автосалонға қатысты ірі көлемде алаяқтық жасады деген айып тағылды. Ал мамырдың басында оны 40 миллион теңге көлеміндегі кепілзатпен босатты. Артынан Мейірхан уақытша қызметінен шететтетілді. Күні кеше бұқаралық ақпарат құралдарында оған қатысты қылмыстық істің тоқтатылғаны туралы ақпарат тарады. Себебі қылмыстың құрамы анықталған жоқ. Басында осы істі Шымкент қалалық полиция департаментінің ішкі қауіпсіздік басқармасы тергесе, артынан барлық материал сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жіберілді. Осы ведомство мамандары істі тоқтатуға шешім қабылдады. Прокурор да өз келісімін берді. Бірақ Түркістан облыстық полиция департаментіне Мейірханды тәртіптік жазаға тарту туралы материал жіберілген.Данияр Мейірхан 1981 жылы туған. 2003 жылдан бері ішкі істер органдарында жұмыс істейді. 2020 жылы наурыз айында Түлкібас аудандық полиция бөлімінің бастығы қызметіне тағайындалды. Оған дейін Түркістан полиция басқармасы басқарды. Сол кезде "даладағы дәретханасын дұрыс күзетпеген" мұғаліммен сөзге келіп, басы дауға қалған. Артынан екеуі бір-бірінен кешірім сұрады. Ал Мейірхан қызметінен босату туралы өтініш жазды.
шымкент
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/496/72/4967234_147:0:3240:2320_1920x0_80_0_0_168ed75dcaa792ae699ec9cafc9b967c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
шымкент
АСТАНА, 14 қазан – Sputnik. Түлкібас аудандық полиция бөлімінің бұрынғы басшысы Данияр Мейірхан жаңа басшылық қызметке кіріскенін мәлімдеді.
"Осы үш жыл ішінде мен Түлкібас ауданы тұрғындарының ерекше қолдауына ие болдым. Жеке құраммен бірге сеніп тапсырылған аумақта тәртіп сақтау қиын болған жоқ. Полицейлердің әрекеттеріне құрметпен қарағаны үшін жергілікті тұрғындарға алғысымды білдіремін. Менің әріптестерім ауданда құқықбұзушылықты төмен деңгейде ұстайтынына сенімдімін. Ал маған басшылық Шымкентте тәртіп орнатуды тапсырды, алға жылжу уақыты келді", - деп жазды Мейірхан әлеуметтік желідегі парақшасында.
Шымкент қалалық полиция департаменті оның жаңа басшылық қызметке тағайындалғанын растады. Мейірхан патрульдік полиция полкінің командирі қызметіне кірісті.
Айта кетері, биыл сәуір айында Шымкент қалалық полиция департаментінің ішкі қауіпсіздік басқармасы Данияр Мейірханның ұсталғанын хабаралады. Оған автосалонға қатысты ірі көлемде алаяқтық жасады деген айып тағылды. Ал мамырдың басында оны 40 миллион теңге көлеміндегі кепілзатпен босатты. Артынан Мейірхан уақытша қызметінен шететтетілді.
Күні кеше бұқаралық ақпарат құралдарында оған қатысты қылмыстық істің тоқтатылғаны туралы ақпарат тарады. Себебі қылмыстың құрамы анықталған жоқ. Басында осы істі Шымкент қалалық полиция департаментінің ішкі қауіпсіздік басқармасы тергесе, артынан барлық материал сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жіберілді. Осы ведомство мамандары істі тоқтатуға шешім қабылдады. Прокурор да өз келісімін берді. Бірақ Түркістан облыстық полиция департаментіне Мейірханды тәртіптік жазаға тарту туралы материал жіберілген.
Данияр Мейірхан 1981 жылы туған. 2003 жылдан бері ішкі істер органдарында жұмыс істейді. 2020 жылы наурыз айында Түлкібас аудандық полиция бөлімінің бастығы қызметіне тағайындалды. Оған дейін Түркістан полиция басқармасы басқарды. Сол кезде "даладағы дәретханасын дұрыс күзетпеген" мұғаліммен сөзге келіп, басы дауға қалған. Артынан екеуі бір-бірінен кешірім сұрады. Ал Мейірхан қызметінен босату туралы өтініш жазды.