https://sputnik.kz/20221014/putin-tmd-gylymi-zertteu-zertkhana-28483090.html
Ресей президенті ТМД-да ғылыми-зерттеу зертханасын құруды ұсынды
Ресей президенті ТМД-да ғылыми-зерттеу зертханасын құруды ұсынды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 14 қазан – Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин Астанада өтіп жатқан алғашқы "Орталық Азия – Ресей" саммитінде ТМД аясында ғылыми-зерттеу... 14.10.2022, Sputnik Қазақстан
2022-10-14T16:34+0500
2022-10-14T16:34+0500
2022-10-14T16:34+0500
ресей
президент
тмд
ғылым
зерттеу
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/0e/28480146_0:0:3003:1690_1920x0_80_0_0_31669894affc76fedc2ad9a83c33278e.jpg
АСТАНА, 14 қазан – Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин Астанада өтіп жатқан алғашқы "Орталық Азия – Ресей" саммитінде ТМД аясында ғылыми-зерттеу зертханасын құруды ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Путин биологиялық және санитарлық қауіпсіздік саласында өзара іс-қимылды жетілдіру маңызды мәселелердің бірі екенін атап өтті. "Пандемия өңірлік деңгейде азаматтарымыздың денсаулығын қамтамасыз етуге, сондай-ақ мемлекеттердің технологиялық тәуелсіздігін нығайтуға қауқарлы кешенді шаралар жүйесін әзірлеу қажеттілігін айқын көрсетті. Осыған байланысты, мысалы, ТМД инфрақұрылымының ғылыми-зерттеу зертханасын құру мүмкіндігі жайлы ойлануға болады", - деді Путин саммитте. Айта кетері, Астанада алғашқы "Ресей – Орталық Азия" саммиті өтіп жатыр. Жиын қорытындысы бойынша бірлескен мәлімдеме қабылданады деп жоспарланып отыр. Шараға Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан президенттері қатысуда. Саммит барысында елдер арасындағы өзара іс-қимылды дамыту, ортақ сауда-экономикалық және басқа да мүдделерді қорғау мәселелері талқыланады.
https://sputnik.kz/20221014/putin-ortalyq-aziya-import-28481867.html
ресей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/0e/28480146_0:0:2731:2048_1920x0_80_0_0_92751a59d481ef8250c27b4299481d09.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ресей, президент, тмд, ғылым, зерттеу
ресей, президент, тмд, ғылым, зерттеу
АСТАНА, 14 қазан – Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин Астанада өтіп жатқан алғашқы "Орталық Азия – Ресей" саммитінде ТМД аясында ғылыми-зерттеу зертханасын құруды ұсынды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Путин биологиялық және санитарлық қауіпсіздік саласында өзара іс-қимылды жетілдіру маңызды мәселелердің бірі екенін атап өтті.
"Пандемия өңірлік деңгейде азаматтарымыздың денсаулығын қамтамасыз етуге, сондай-ақ мемлекеттердің технологиялық тәуелсіздігін нығайтуға қауқарлы кешенді шаралар жүйесін әзірлеу қажеттілігін айқын көрсетті. Осыған байланысты, мысалы, ТМД инфрақұрылымының ғылыми-зерттеу зертханасын құру мүмкіндігі жайлы ойлануға болады", - деді Путин саммитте.
Айта кетері, Астанада алғашқы "Ресей – Орталық Азия" саммиті өтіп жатыр. Жиын қорытындысы бойынша бірлескен мәлімдеме қабылданады деп жоспарланып отыр. Шараға Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан президенттері қатысуда.
Саммит барысында елдер арасындағы өзара іс-қимылды дамыту, ортақ сауда-экономикалық және басқа да мүдделерді қорғау мәселелері талқыланады.