https://sputnik.kz/20221014/bizge-kedergi-zhasap-zhatyr-28490845.html
Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы мәлімдеме жасады
Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы мәлімдеме жасады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 14 қазан – Sputnik. Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы президенттікке кандидаттың қатысуымен баспасөз мәслихатын өткізуді жоспарлаған. Бірақ... 14.10.2022, Sputnik Қазақстан
2022-10-14T20:04+0500
2022-10-14T20:04+0500
2022-10-14T20:05+0500
саясат
партия
https://sputnik.kz/img/07e5/01/0c/16012476_0:100:1921:1180_1920x0_80_0_0_345101924c9537d3d7d8ff210f5c33ae.jpg
АСТАНА, 14 қазан – Sputnik. Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы президенттікке кандидаттың қатысуымен баспасөз мәслихатын өткізуді жоспарлаған. Бірақ бизнес орталықта апаттық жұмыстарды сылтау етіп, конференц-залға кірігізбей қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Осы оқиғадан кейін партия ресми ақпарат таратып, брифингті өткізуге жол берілмегенін мәлімдеді. Алайда басқа жалға алушылары ешбір кедергісіз жұмыс істеген. Оларға ешкандай шектеу жасалған жоқ "ЖСДП партиясы мұны біздің кандидатқа қысым жасау әрекеті деп бағалайды. Біз сайлауға қатысып жатқан жалғыз оппозициялық партиямыз! Әрине, бұл биліктегі көптеген адамға ұнамайды", - дейді партия өкілдері. Артынан партия өкілдері онлайн брифинг өткізіп, мәселенің мән-жайын түсіндірді. Партия төрағасы Асхат Рақымжановтың айтуынша, конференц-залды жалға алу ақысы алдын ала төленген. Бизнес орталықтың әкімшілігі баспасөз мәслихатын өткізбеуге не себеп болғанына тұшымды жауап бере алмады. "Біз бұны партия қызметіне кедергі жасау деп бағалаймыз. Қазір біреудің аты атап, болжам жасамай-ақ қояйық. Біреуге айып тағуға да асықпаймыз. Бірақ басқаша себеп жоқ", - деді Рақымжанов.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/01/0c/16012476_106:0:1813:1280_1920x0_80_0_0_3a3a7741c08657a43ca67156af6803c2.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
партия
Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы мәлімдеме жасады
20:04 14.10.2022 (жаңартылды: 20:05 14.10.2022) АСТАНА, 14 қазан – Sputnik. Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы президенттікке кандидаттың қатысуымен баспасөз мәслихатын өткізуді жоспарлаған. Бірақ бизнес орталықта апаттық жұмыстарды сылтау етіп, конференц-залға кірігізбей қойды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан.
Осы оқиғадан кейін партия ресми ақпарат таратып, брифингті өткізуге жол берілмегенін мәлімдеді.
"Бүгін сағат 11:00-де "Марден" бизнес-орталығында БАҚ өкілдерінің қатысуымен баспасөз конференциясын өткізуді жоспарланған едік. Онда біз үгіт-насихат жұмысына дейінгі аралық нәтижелермен бөлісуді жоспарладық. Бірақ іс-шара басталар алдында бізге бизнес-орталықта авариялық жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтып, конференц-залға кіргізбей қойды", - делінген ресми мәлімдемеде.
Алайда басқа жалға алушылары ешбір кедергісіз жұмыс істеген.
Оларға ешкандай шектеу жасалған жоқ
"ЖСДП партиясы мұны біздің кандидатқа қысым жасау әрекеті деп бағалайды. Біз сайлауға қатысып жатқан жалғыз оппозициялық партиямыз! Әрине, бұл биліктегі көптеген адамға ұнамайды", - дейді партия өкілдері.
Артынан партия өкілдері онлайн брифинг өткізіп, мәселенің мән-жайын түсіндірді.
Партия төрағасы Асхат Рақымжановтың айтуынша, конференц-залды жалға алу ақысы алдын ала төленген. Бизнес орталықтың әкімшілігі баспасөз мәслихатын өткізбеуге не себеп болғанына тұшымды жауап бере алмады.
"Біз бұны партия қызметіне кедергі жасау деп бағалаймыз. Қазір біреудің аты атап, болжам жасамай-ақ қояйық. Біреуге айып тағуға да асықпаймыз. Бірақ басқаша себеп жоқ", - деді Рақымжанов.