Батыс Украинаның әуе кеңістігін жаба ма?

© AP Photo / Alexei AlexandrovВооруженный украинский военнослужащий, архивное фото
Вооруженный украинский военнослужащий, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.10.2022
Жазылу
Украинадағы әскери іс-қимыл батыс қаруының технологиялық озықтығы мен қуаты туралы ақпартты жоққа шығарып отыр. Киев режиміне АҚШ пен НАТО-ның әскери көмегінің украин армиясы үшін тиімділігі болмай тұр, деп жазды ресейлік әскери шолушы Александр Хроленко.
12-13 қазанда Брюссельде өткен жиында Пентагон басшысы Ллойд Остин бастаған НАТО қорғаныс министрлері Киев режимін қолдауды жалғастыру туралы шешім қабылдады. Бір күн бұрын бас хатшы Йенс Столтенберг Солтүстікатлантикалық альянстың Украинадағы қақтығыстағы маңызды рөлін атап, Украина Қарулы күштеріне әскери көмекті күшейтуге уәде берді.
Ресейдің 10-12 қазанда Украинадағы әскери бақылау, байланыс және энергетикалық нысандарға жаппай зымыранмен соққы жасауынан кейін америкалықтар мен олардың еуропалық одақтастары Украинаның әуе қорғанысын жақсартуға уәде берді. 12 қазанда Брюссельде АҚШ Қарулы Күштерінің Біріккен штаб басшылары басқармасының төрағасы Марк Милли "әуе және зымыранға қарсы қорғаныстың біріктірілген жүйесін" ұсыну мүмкіндігін мәлімдеді.
Негізінен, АҚШ армиясының I-HAWK орташа қашықтыққа ұшатын зениттік-зымыран кешендері және Patriot, Германияда дайындалған IRIS-T, норвегиялық-америкалық NASAMS және Израильдің "темір күмбезі" талқыға салынды. Алайды бұл техниканың әрқайсысы украин мамандарының зерттеуге көп уақытты жұмсауын қажет етеді. Генерал Милли Украинаның бүкіл аумағындағы әуе кеңістігін емес, тек басым нысандарды ғана қорғауға болатынын түсіндірді.
Украина Қарулы күштерінің Бас штабы өз тарапынан Украинаның маңызды (энергетикалық) инфрақұрылымының әуе шабуылына қарсы қорғаныс стратегиясын дайындады. Оны жүзеге асыру үшін 40-50 дана заманауи әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесін алу қажет болады. Біраз бұрын Оман NASAMS зениттік-зымыран кешенінің бір батареясы үшін 1,28 миллиард доллар төлеген.
АҚШ Украинаға қашықтығы 25 километрге дейін, биіктігі 16 километрге дейін жететін екі дана NASAMS жүйесін (батарея) және кейінірек тағы алтауын жеткізуді көздеп отыр. Мұндай әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері белгілі бір көлемде бұған дейін де жеткізілген.
"Германиядан IRIS-T әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесі Киевке бір дана көлемінде жіберілді. Ұлыбритания мен Нидерланды NASAMS зениттік-зымыран кешендеріне арналған жолдауды көздеп отыр. Нидерланды қорғаныс министрлігі Украина 15 миллион еуроға зымыран алатынын түсіндірді. Оның саны 12 данадан аспайды, өйткені бір AIM-120 AMRAAM бағасы шамамен 1,2 миллион еуроны құрайды", - деп жазды ресейлік әскери шолушы.
Оның пікірінше, Ресей Қарулы күштері тәулігіне100-ге жуық қанатты және жедел-тактикалық зымыран ұшыра алады. бар. АҚШ аналитикалық орталықтарының мәліметі бойынша, ресейлік арсеналдарда 1800-ден астам осы тектес техника бар.
АҚШ Украина аспанын толығымен жабу мүмкін емес екенін түсінеді. НАТО мұндай жоспарды әуе шабуылына қарсы заманауи қорғаныс жүйесі жоқ елдерде үш рет жүзеге асыра алған: 1991 жылы Парсы шығанағы соғысынан кейін Иракта, 1992 жылы Босния мен Герцеговинада және 2011 жылы Ливияда. Бұл әрекетті Ресейге қарсы орындау мүмкін емес екені барлығына түсінікті.
"Украинадағы әскери іс-қимыл театрында АҚШ ең алдымен экономикалық мақсатты көздейді: олар Ресей мен ЕО-ны әлсіретуге, украин қақтығысынан ондаған миллиард долларға қару-жарақ тапсырыстарын алуға, Ресейге қарсы тараптар санын арттыруға, Еуропаны Вашингтонға энергетикалық тәуелді етуге ұмтылып отыр", - деп жазды Хроленко.
Ресейдің шабуылдау әуе операциясы үш күннен бері жалғасып жатыр. Ресейдің 2023-2025 жылдарға арналған бюджетінің жобасында Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің қажеттіліктерін толығымен қанағаттандыратын 14 триллион рубль көлемінде қаражат қарастырылған. Сондықтан 11-12 қазанда Брюссельде өткен төтенше жиында Киев режимін қолдау үшін түрлі шешім қабылданды.
Әскери шолушы Александр Хроленконың Telegram арнасы.
Жаңалықтар
0