https://sputnik.kz/20221014/aqsh-ta-qazaqstandyq-nomirmen-zhurgen-kolik-rekordtyq-bagaga-satyldy-28461355.html
АҚШ-та қазақстандық нөмірмен жүрген көлік рекордтық бағаға сатылды
АҚШ-та қазақстандық нөмірмен жүрген көлік рекордтық бағаға сатылды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 14 қазан – Sputnik. Америкада қазақстандық тіркеу нөмірімен жүрген Toyota Mega Cruiser аукцион арқылы сатылды. 1996 жылғы жол талғамайтын көлік жаңа... 14.10.2022, Sputnik Қазақстан
2022-10-14T10:35+0500
2022-10-14T10:35+0500
2022-10-14T10:35+0500
аукцион
https://sputnik.kz/img/1438/62/14386258_0:0:1921:1080_1920x0_80_0_0_f89ff37dd6213644c18139120c7cab6f.jpg
АСТАНА, 14 қазан – Sputnik. Америкада қазақстандық тіркеу нөмірімен жүрген Toyota Mega Cruiser аукцион арқылы сатылды. 1996 жылғы жол талғамайтын көлік жаңа Lexus LX-тен үш жарым есеге қымбат болып шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Motor.ru сайтына сілтеме жасап.Сирек кездесетін көлік Астанада тіркелген. Мемлекеттік тіркеу нөмірінде "01" сериясы жазылған. Спидометрде 91 мың шақырымды көрсетіп тұр. Аукционға қатысқан сатып алушы ол үшін 310 мың долларды (148 миллионнан астам теңге) санап берді.Toyota Mega Cruiser – жапон армиясы мен арнайы қызметтері үшін жасалған үлкен жол талғамайтын көлік. Оны 1995-2001 жылдары ішкі нарыққа шығарған. Сол кезде 150 данасы ғана жеке тұлғаларға сатылды. Ал Қазақстаннан жеткізілген көлік сән-салтанатымен жабдықталған үлгілерге жатады.Көліктің рөлі сол жағында орналасқан. Салонда теледидар, тоңазытқыш, аудиожүйе, стационарлық телефон, орындықты жылыту, ал жүксалғышта бір адам жата алатын орын бар. Кейбір жерлері ағашпен көмкерілген. Орындықтар былғарымен қапталған.Көліктің ұзындығы – 5,1 метр. Салмағы – 2,9 тонна. Ал қозғалтқыштың көлемі – 4,1 литр, турбодизель.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1438/62/14386258_0:0:1707:1280_1920x0_80_0_0_57ddc27b0cb6f74ea0bfeda7277d63f9.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
аукцион
АҚШ-та қазақстандық нөмірмен жүрген көлік рекордтық бағаға сатылды
АСТАНА, 14 қазан – Sputnik. Америкада қазақстандық тіркеу нөмірімен жүрген Toyota Mega Cruiser аукцион арқылы сатылды. 1996 жылғы жол талғамайтын көлік жаңа Lexus LX-тен үш жарым есеге қымбат болып шықты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан Motor.ru сайтына
сілтеме жасап.
Сирек кездесетін көлік Астанада тіркелген. Мемлекеттік тіркеу нөмірінде "01" сериясы жазылған. Спидометрде 91 мың шақырымды көрсетіп тұр. Аукционға қатысқан сатып алушы ол үшін 310 мың долларды (148 миллионнан астам теңге) санап берді.
Toyota Mega Cruiser – жапон армиясы мен арнайы қызметтері үшін жасалған үлкен жол талғамайтын көлік. Оны 1995-2001 жылдары ішкі нарыққа шығарған. Сол кезде 150 данасы ғана жеке тұлғаларға сатылды. Ал Қазақстаннан жеткізілген көлік сән-салтанатымен жабдықталған үлгілерге жатады.
Көліктің рөлі сол жағында орналасқан. Салонда теледидар, тоңазытқыш, аудиожүйе, стационарлық телефон, орындықты жылыту, ал жүксалғышта бір адам жата алатын орын бар. Кейбір жерлері ағашпен көмкерілген. Орындықтар былғарымен қапталған.
Көліктің ұзындығы – 5,1 метр. Салмағы – 2,9 тонна. Ал қозғалтқыштың көлемі – 4,1 литр, турбодизель.