Саясат

Тоқаев Палестина президентімен кездесті

© Sputnik / Абзал КалиевАкорда
Акорда - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.10.2022
Жазылу
Мемлекет басшысы екіжақты байланыстарды одан әрі дамытуға ниетті екенін айтты
АСТАНА, 13 қазан – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Палестина президентімен кездесті, деп хабаолайды президенттің баспасөз қызметі.
Президенттер Қазақстан мен Палестина арасындағы өзара іс-әрекетті дамыту перспективаларын қарастырып, қазіргі заманның өзекті сын-қатерлері мен үрдістері туралы пікір алмасты.
Мемлекет басшысы екіжақты байланыстарды одан әрі дамытуға ниетті екенін айтты. Махмуд Аббас Қасым-Жомарт Тоқаевқа жылы қабылдағаны және саммитті жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін алғыс айтты.
Палестина президенті саммитте қабылданатын шешімдер мен қол қойылатын құжаттар өзара ынтымақтастықты тереңдетуге ықпал ететініне сенім білдірді.
Жаңалықтар
0