https://sputnik.kz/20221013/taldyqorganda-zhataqkhana-komendanty-studentterdin-atyna-kredit-rasimdegen--28444783.html
Талдықорғанда жатақхана коменданты студенттердің атына кредит рәсімдеген
Талдықорғанда жатақхана коменданты студенттердің атына кредит рәсімдеген
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 13 қазан – Sputnik. Талдықорғанда жатақхана коменданты студенттердің атына14,7 млн теңге несие рәсімдеген. Алаяқтық фактілерін анықтауға жергілікті... 13.10.2022, Sputnik Қазақстан
2022-10-13T16:23+0500
2022-10-13T16:23+0500
2022-10-13T16:23+0500
талдықорған
студенттер
алаяқтық
https://sputnik.kz/img/07e4/0b/1e/15613113_0:0:3001:1688_1920x0_80_0_0_b2420af123c2baf622a2804e7df0a6b9.jpg
АЛМАТЫ, 13 қазан – Sputnik. Талдықорғанда жатақхана коменданты студенттердің атына14,7 млн теңге несие рәсімдеген. Алаяқтық фактілерін анықтауға жергілікті блогерлер көмектесті, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі. Жәбірленушілердің айтуынша, студенттер жатақханасының 41 жастағы коменданты алдымен науқас ұлын желеу етіп көмек сұраған. Соңынан оларды алдап, үлкен сомаға тауарлық несие алуға мәжбүрлеген. Полиция күдіктінің ұсталғаны туралы ақпаратты растады. Полиция Қылмыстық кодекстің 190-бабы (алаяқтық) бойынша іс қозғалғанын хабарлады. Комендант студенттерге екінші деңгейлі бірнеше банктен алаяқтық жолмен тауарлық кредит алдырған. Ал өз қызметкерлеріне – интернет-қосымшаларды пайдалана отырып, ақшалай кредиттер ресімдеткен. Күдікті айғақтар беруден бас тартты және денсаулығының күрт нашарлауына байланысты қазір ауруханада жатыр. Істі тергеу облыстық полиция департаментінің бақылауына алынды. Коменданттың басқа да заң бұзушылықтарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.
талдықорған
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0b/1e/15613113_358:0:2609:1688_1920x0_80_0_0_69a4ac0c9a063accd4cb405a8f3c6371.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
талдықорған, студенттер, алаяқтық
талдықорған, студенттер, алаяқтық
Талдықорғанда жатақхана коменданты студенттердің атына кредит рәсімдеген
АЛМАТЫ, 13 қазан – Sputnik. Талдықорғанда жатақхана коменданты студенттердің атына14,7 млн теңге несие рәсімдеген. Алаяқтық фактілерін анықтауға жергілікті блогерлер көмектесті, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Жәбірленушілердің айтуынша, студенттер жатақханасының 41 жастағы коменданты алдымен науқас ұлын желеу етіп көмек сұраған. Соңынан оларды алдап, үлкен сомаға тауарлық несие алуға мәжбүрлеген.
Полиция күдіктінің ұсталғаны туралы ақпаратты растады. Полиция Қылмыстық кодекстің 190-бабы (алаяқтық) бойынша іс қозғалғанын хабарлады.
"11 қазанда күдікті ұсталып, қалалық полицияға айғақ беру үшін жеткізілді. Тергеу барысында зардап шеккен 10 студент пен 2 жатақхана қызметкерінің өтініштері бар. Жәбірленушілерге келтірілген жалпы шығын 14,7 млн теңгеден асады", – деп хабарлады облыстық полицияның баспасөз қызметі.
Комендант студенттерге екінші деңгейлі бірнеше банктен алаяқтық жолмен тауарлық кредит алдырған. Ал өз қызметкерлеріне – интернет-қосымшаларды пайдалана отырып, ақшалай кредиттер ресімдеткен.
Күдікті айғақтар беруден бас тартты және денсаулығының күрт нашарлауына байланысты қазір ауруханада жатыр. Істі тергеу облыстық полиция департаментінің бақылауына алынды. Коменданттың басқа да заң бұзушылықтарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.