https://sputnik.kz/20221013/semeyde-zhas-zhigit-kopirden-sekirmekshi-boldy--video-28440912.html
Семейде жас жігіт көпірден секірмекші болды – видео
Семейде жас жігіт көпірден секірмекші болды – видео
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 13 қазан – Sputnik. Семейде полицейлер көпірден секірмекші болған жігітті райынан қайтарды. Оқиға бейнебақылау камерасына жазылып қалған, деп... 13.10.2022, Sputnik Қазақстан
2022-10-13T13:57+0500
2022-10-13T13:57+0500
2022-10-13T13:57+0500
полиция
көпір
https://sputnik.kz/img/803/14/8031494_0:100:1921:1180_1920x0_80_0_0_6946b13e6cdeddf034f7033905f6d076.jpg
АСТАНА, 13 қазан – Sputnik. Семейде полицейлер көпірден секірмекші болған жігітті райынан қайтарды. Оқиға бейнебақылау камерасына жазылып қалған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ішкі істер министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап.Видеода ер адам көпірдің қоршауына басын сүйеп тұр. Сосын тосқауылдың арғы жағына өтіп, көпірдің шетіне тұрып алады. Сол кезде оқиға орнына полицейлер келген. Бірнеше минуттан кейін жас жігіт қайтадан бергі бетке өткен. Оны патруль алып кетті.Ресми мәліметке сәйкес, бұл оқиға 11 қазан күні таңғы уақытта теміржол көпірінде болған. Басқару орталығының мамандары бірден патрульдік полиция батальонының экипажына хабар берген.Оқиға орнына 2-ші рота қызметінің инспекторлары барды. Бауыржан Нұрғазынов ер адамды ұстап қалу үшін артқы жағынан рельстермен жүріп өтеді. Ал Бауыржан Алдоңғаров жігітпен сөйлесіп, райынан қайтарған. Сосын оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында Әуезов аудандық полиция бөліміне алып кеткен.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/803/14/8031494_106:0:1813:1280_1920x0_80_0_0_0f498b3a5132788d0e9279488a424910.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
полиция, көпір
Семейде жас жігіт көпірден секірмекші болды – видео
АСТАНА, 13 қазан – Sputnik. Семейде полицейлер көпірден секірмекші болған жігітті райынан қайтарды. Оқиға бейнебақылау камерасына жазылып қалған, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан ішкі істер министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап.
Видеода ер адам көпірдің қоршауына басын сүйеп тұр. Сосын тосқауылдың арғы жағына өтіп, көпірдің шетіне тұрып алады. Сол кезде оқиға орнына полицейлер келген. Бірнеше минуттан кейін жас жігіт қайтадан бергі бетке өткен. Оны патруль алып кетті.
Ресми мәліметке сәйкес, бұл оқиға 11 қазан күні таңғы уақытта теміржол көпірінде болған. Басқару орталығының мамандары бірден патрульдік полиция батальонының экипажына хабар берген.
Оқиға орнына 2-ші рота қызметінің инспекторлары барды. Бауыржан Нұрғазынов ер адамды ұстап қалу үшін артқы жағынан рельстермен жүріп өтеді. Ал Бауыржан Алдоңғаров жігітпен сөйлесіп, райынан қайтарған. Сосын оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында Әуезов аудандық полиция бөліміне алып кеткен.