Семей жылусыз қалуы мүмкін – сенатор Арғынбекова

© Photo : riАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.10.2022
Жазылу
АСТАНА, 13 қазан – Sputnik. Сенатор Айнұр Арғынбекова үкімет басшысына депутаттық сауал жолдап, Семей қаласының мәселесін шешуді сұрады. Әйтпесе, тұғындар жылусыз қалуы мүмкін, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгінде қаланы "Теплокомунэнерго" кәсіпорны жылумен қамтамасыз етіп отыр. Бірақ ол мекеменің шығыны мен қарызы көп. Көмір сатып алуға ақшасы жетпей жатыр.
"1 қазандағы жағдай бойынша кәсіпорынның қарызы 2,9 миллиард теңгені құрады. Соның ішінде жалақы бойынша берешегі 318 миллионға жетті. Қазіргі кезде түсіп жатқан барлық ақша жалақыға жұмсалып жатыр. Соның салдарынан жылу мауысымы тоқтап, халық жылусыз қалуы мүмкін. Ал өңірдегі климат қатал, халықтың өмірі мен денсаулығына қауіп төніп отыр", - деді Арғынбекова сенаттың жалпы отырысында.
Сенатордың айтуынша, үкімет резервінен шұғыл түрде 2,4 миллиард теңге бөліп беру керек.
"Есеп-қисап жасалды. Негіздемесі бар", - деп атап өтті Арғынбекова.
Айта кетері, биыл жаңадан құрылған Абай облысынан екі сенатор сайланған болатын. Олар – Айнұр Арғынбекова мен Бақытжан Байахметов.
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.09.2022
Семейде заманауи жылу электр орталығы салынады
Жаңалықтар
0