https://sputnik.kz/20221013/qazaqstan-aosshk-toragalygy-28442475.html
Қазақстанның АӨСШК-дегі төрағалығы тағы екі жылға ұзарды
Қазақстанның АӨСШК-дегі төрағалығы тағы екі жылға ұзарды
Sputnik Қазақстан
АӨСШК мүше мемлекеттер Қазақстанның 2022-2024 жылдары кеңеске төрағалық етуін қолдады 13.10.2022, Sputnik Қазақстан
2022-10-13T14:48+0500
2022-10-13T14:48+0500
2022-10-13T14:48+0500
саммит
қазақстан
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/0d/28432097_0:26:940:555_1920x0_80_0_0_d8295cd5b181acfe0b49796a6a11cff7.jpg
АСТАНА, 13 қазан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның АӨСШК-дегі төрағалығын ұзартуды қолдаған мүше мемлекеттерге алғыс айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Тоқаевтың айтуынша, Қазақстан өзінің төрағалығы кезінде АӨСШК-ні толыққанды халықаралық ұйымға айналдыруға негізделген бірқатар маңызды басымдықты іске асыруды көздеді. Тоқаев Қазақстанның 2022-2024 жылдары жаңа мерзімге төрағалық ету туралы өтінішін қолдаған АӨСШК-ге мүше мемлекеттердің бәріне алғыс айтты. Мемлекет басшысы Қазақстан алдында маңызды міндеттер тұрғанына тоқталып, Кеңеске мүше мемлекеттердің тығыз ынтымақтастығы мен қолдауына сенім артатынын айтты. Президент биыл Кеңесті шақыру туралы бастаманың көтерілгеніне 30 жыл толғанын еске салды. Тоқаев осы кезең ішінде бұл жиын көпжақты ынтымақтастық тұғырына және заманауи дипломатияның халықаралық институтына айналғанын мәлімдеді. Саммит барысында бірқатар құжат қабылданды. Атап айтқанда, АӨСШК-нің трансформациясы туралы Астана мәлімдемесі қабылданды. Сонымен қатар АӨСШК қорын құруға қатысты құжат бекітілді. АӨСШК қорының мақсаты – АӨСШК жобаларын іріктеуге және оларды жүзеге асыруға ерікті түрде қаражат жинаудың арнайы тетіктерін қалыптастыру.
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/0d/28432097_83:0:857:580_1920x0_80_0_0_2a04deacabb521df9e9b63d3c9c67715.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
саммит, қазақстан
Қазақстанның АӨСШК-дегі төрағалығы тағы екі жылға ұзарды
АӨСШК мүше мемлекеттер Қазақстанның 2022-2024 жылдары кеңеске төрағалық етуін қолдады
АСТАНА, 13 қазан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның АӨСШК-дегі төрағалығын ұзартуды қолдаған мүше мемлекеттерге алғыс айтты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Тоқаевтың айтуынша, Қазақстан өзінің төрағалығы кезінде АӨСШК-ні толыққанды халықаралық ұйымға айналдыруға негізделген бірқатар маңызды басымдықты іске асыруды көздеді.
"Саяси диалогтың аймақтық платформасы ретінде АӨСШК-тің кемелдігі мен тиімділігі оны одан әрі трансформациялаудың бастауы болмақ. Мүше мемлекеттер қазірдің өзінде АӨСШК-тің іс-жүзінде ұйым ретінде жұмыс істеп жатқанын бірнеше рет талқылады және солай екеніне келіседі. Біз жаңа ұйым құрмайтынымызды, керісінше институционалды дамудың жаңа кезеңіне өтіп жатқанымызды атап өткім келеді. Кеңестің мәртебесін көтеру Азияның әлемдік істердегі артып келе жатқан рөлін нығайтып, мүше мемлекеттердің өзара іс-әрекетін жаңа деңгейге шығарады", – деді президент Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің алтыншы саммитінде.
Тоқаев Қазақстанның 2022-2024 жылдары жаңа мерзімге төрағалық ету туралы өтінішін қолдаған АӨСШК-ге мүше мемлекеттердің бәріне алғыс айтты. Мемлекет басшысы Қазақстан алдында маңызды міндеттер тұрғанына тоқталып, Кеңеске мүше мемлекеттердің тығыз ынтымақтастығы мен қолдауына сенім артатынын айтты.
Президент биыл Кеңесті шақыру туралы бастаманың көтерілгеніне 30 жыл толғанын еске салды. Тоқаев осы кезең ішінде бұл жиын көпжақты ынтымақтастық тұғырына және заманауи дипломатияның халықаралық институтына айналғанын мәлімдеді.
Саммит барысында бірқатар құжат қабылданды. Атап айтқанда, АӨСШК-нің трансформациясы туралы Астана мәлімдемесі қабылданды.
Сонымен қатар АӨСШК қорын құруға қатысты құжат бекітілді. АӨСШК қорының мақсаты – АӨСШК жобаларын іріктеуге және оларды жүзеге асыруға ерікті түрде қаражат жинаудың арнайы тетіктерін қалыптастыру.