https://sputnik.kz/20221013/putin-erdoganga-turkiyada-gaz-khabyn-quru-ideyasy-turaly-aytty--28445598.html
Путин Ердоғанға Түркияда газ хабын құру идеясы туралы айтты
Путин Ердоғанға Түркияда газ хабын құру идеясы туралы айтты
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 13 қазан — Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин Астанадағы кездесуде өзінің түркиялық әріптесі Тайип Ердоғанға Түркияда газ хабын құру идеясы... 13.10.2022, Sputnik Қазақстан
2022-10-13T16:41+0500
2022-10-13T16:41+0500
2022-10-13T16:41+0500
владимир путин
режеп тайип ердоған
газ құбыры
https://sputnik.kz/img/1300/93/13009333_0:119:3223:1931_1920x0_80_0_0_b89089604390a3c8b351b77288d9e2c9.jpg
АЛМАТЫ, 13 қазан — Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин Астанадағы кездесуде өзінің түркиялық әріптесі Тайип Ердоғанға Түркияда газ хабын құру идеясы туралы айтты. Ол бұған дейін Ресей газ транзитін "Солтүстік ағыннан" Қара теңіз аймағына және Түркияға ауыстыра алатынын айтқан болатын. Түркияның энергетика және табиғи ресурстар министрі Фатих Донмез оның техникалық тұрғыдан мүмкін екенін және мұқият зерделеуді қажет ететінін айтты. Владимир Путин Режеп Ердоғанмен кездесуде жаңа газ хабын құру мүмкіндігі туралы айта отырып, оның құрылуы энергия бағасын "ешқандай саяси реңксіз" реттеуге жол ашатынына тоқталды."Біз (бағаларды) қалыпты, нарықтық деңгейде, ешқандай саяси реңксіз тыныш реттей аламыз", - деген Путин қазіргі бағаның шарықтап тұрғанын назарға алды. "Біз хабты бірге құрған жағдайда, ол тек жеткізу алаңы ғана емес, сонымен қатар бағаны анықтау алаңы да болар еді. Өйткені баға мәселесі өте маңызды. Бүгін баға аспандап тұр", - деді РФ президенті.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1300/93/13009333_245:0:2976:2048_1920x0_80_0_0_981754cb3803b1d04493491a5ac327ac.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
владимир путин, режеп тайип ердоған, газ құбыры
владимир путин, режеп тайип ердоған, газ құбыры
Путин Ердоғанға Түркияда газ хабын құру идеясы туралы айтты
АЛМАТЫ, 13 қазан — Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин Астанадағы кездесуде өзінің түркиялық әріптесі Тайип Ердоғанға Түркияда газ хабын құру идеясы туралы айтты.
"Кеше (ресейлік) энергетикалық аптада энергетика министрі және Botas компаниясының басшысымен болған консультациялардан кейін "Газпроммен" келістік, мен бұл туралы көпшілік алдында айттым: егер Түркия және басқа елдердегі сатып алушыларымыз қызығушылық танытса, тағы бір газ құбыры жүйесін салып, басқа елдерге сату үшін Түркия аумағында газ хабын құруды қарастыруға болады. Ең алдымен, әрине, еуропалықтарға", - деді Путин.
Ол бұған дейін Ресей газ транзитін "Солтүстік ағыннан" Қара теңіз аймағына және Түркияға ауыстыра алатынын айтқан болатын. Түркияның энергетика және табиғи ресурстар министрі Фатих Донмез оның техникалық тұрғыдан мүмкін екенін және мұқият зерделеуді қажет ететінін айтты.
Владимир Путин Режеп Ердоғанмен кездесуде жаңа газ хабын құру мүмкіндігі туралы айта отырып, оның құрылуы энергия бағасын "ешқандай саяси реңксіз" реттеуге жол ашатынына тоқталды.
"Біз (бағаларды) қалыпты, нарықтық деңгейде, ешқандай саяси реңксіз тыныш реттей аламыз", - деген Путин қазіргі бағаның шарықтап тұрғанын назарға алды.
"Біз хабты бірге құрған жағдайда, ол тек жеткізу алаңы ғана емес, сонымен қатар бағаны анықтау алаңы да болар еді. Өйткені баға мәселесі өте маңызды. Бүгін баға аспандап тұр", - деді РФ президенті.