Президент азық-түлік тауарлары үшін "жасыл дәліз" құруды ұсынды

© PhotoҚасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев  - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.10.2022
Жазылу
АСТАНА, 13 қазан– Sputnik. Қазақстанпрезиденті Қасым-Жомарт Тоқаев Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің саммитіне мүше мемлекеттерге азық-түлік өнімдері үшін жасыл дәліз құруды ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Президент АӨСШК кеңістігінде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жұмыс істейтін тетігі қажет екенін атап өтті. Айтуынша, Азия ауыл шаруашылығы өнімдерінің үштен екісін өндіреді, соған қарамастан осы сала әлі де ақсап тұр.

"Бізге маңызды өнімдердің ұлттық стандарттарға сәйкестігін бағалау үшін сәйкестендірілген тәсілдерді әзірлеу қажет. Сонымен қатар АӨСШК мүше мемлекеттер арасында осы санаттағы тауарлар үшін "жасыл дәліз" құру қажет", -деді Тоқаев Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің алтыншы саммитінде.

Айтуынша, АӨСШК-нің штаб-пәтері Астанада орналасқан Ислам азық-түлік қауіпсіздігі ұйымымен ынтымақтастығын жолға қойған жөн.
"Біздің елдердің ауыл шаруашылығы әлеуетін ескере отырып, мұқтаж елдерді азық-түлікпен және тыңайтқыштармен қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдауға болады", - деді Тоқаев.
Жаңалықтар
0