https://sputnik.kz/20221013/belarus-aosshk-mushesi-boluy-mumkin-be-28447729.html
Беларусь АӨСШК мүшесі болуы мүмкін бе
Беларусь АӨСШК мүшесі болуы мүмкін бе
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 13 қазан – Sputnik. Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің бас хатшысы Қайрат Сарыбай кеңестің трансформациясынан кейін Беларусь... 13.10.2022, Sputnik Қазақстан
2022-10-13T17:51+0500
2022-10-13T17:51+0500
2022-10-13T17:51+0500
саммит
беларусь
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/0d/28432163_0:26:940:555_1920x0_80_0_0_89f578e979da19e910dadec1b0765600.jpg
АСТАНА, 13 қазан – Sputnik. Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің бас хатшысы Қайрат Сарыбай кеңестің трансформациясынан кейін Беларусь мүшелікке қабылдануы мүмкін екенін жоққа шығармады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. АӨСШК алтыншы саммитінен кейін өткен баспасөз мәслихатында журналистер Сарыбайдан Беларусьтің кеңестің толыққанды мүшесі атануына мүмкіндігі бар ма деп сұрады. Айта кетері, қазір Беларусь АӨСШК-те бақылаушы мемлекет мәртебесіне ие. Бүгін Астанада Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің алтыншы саммиті өтті. Жиынға Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған, Ресей президенті Владимир Путин, Беларусь басшысы Александр Лукашенко, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев – барлығы 11 президент қатысты. АӨСШК – Азиядағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында диалог, шешімдер қабылдау және іс-шараларды жүзеге асыру үшін жағдай жасауға бағытталған мемлекетаралық форум. Бүгінде кеңеске жиырма сегіз мемлекет мүше.
беларусь
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/0d/28432163_83:0:857:580_1920x0_80_0_0_94bba9a8b5eca594fd98a61107304e4f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
саммит, беларусь
Беларусь АӨСШК мүшесі болуы мүмкін бе
АСТАНА, 13 қазан – Sputnik. Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің бас хатшысы Қайрат Сарыбай кеңестің трансформациясынан кейін Беларусь мүшелікке қабылдануы мүмкін екенін жоққа шығармады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
АӨСШК алтыншы саммитінен кейін өткен баспасөз мәслихатында журналистер Сарыбайдан Беларусьтің кеңестің толыққанды мүшесі атануына мүмкіндігі бар ма деп сұрады.
"Беларусьті Азияға көшіру немесе Азияның шекарасын кеңейту өте қиын болғандықтан, әзірге бұл қиын шығар. Дегенмен платформада Азияға іргелес өңірлермен өзара қарым қатынасты дамытуды көздейтін әртүрлі идеялар бар. Сол себепті қазіргі жағдайда Беларусьті АӨСШК-ке қабылдау перспективасын бағалай алмаймын. Бірақ дәл сол трансформация аясында бұл шарттар қандай да бір өзгеріске ұшыраса, неге болмасқа", деп жауап берді Сарыбай.
Айта кетері, қазір Беларусь АӨСШК-те бақылаушы мемлекет мәртебесіне ие. Бүгін Астанада Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің алтыншы саммиті өтті. Жиынға Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған, Ресей президенті Владимир Путин, Беларусь басшысы Александр Лукашенко, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев – барлығы 11 президент қатысты.
АӨСШК – Азиядағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында диалог, шешімдер қабылдау және іс-шараларды жүзеге асыру үшін жағдай жасауға бағытталған мемлекетаралық форум. Бүгінде кеңеске жиырма сегіз мемлекет мүше.