Батыс Қазақстанда жұмыстан қуылған шенеунік ауыл әкімі болып сайланды

© Sputnik / Владислав ВодневСирийские переговоры. Нур-Султан, 11 декабря 2019 год
Сирийские переговоры. Нур-Султан, 11 декабря 2019 год - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.10.2022
Жазылу
АСТАНА, 13 қазан – Sputnik. Батыс Қазақстан облысында Янайкино ауылының бұрынғы әкімі Ауған Әлмұрзин жақын жердегі ауылға әкім болып сайланды. Былтыр ол көлікті мас күйінде жүргізгені үшін ұсталып, жұмыстан босатылған, деп хабарлайды Мой Город порталы.
Былтыр шілде айында Әлмұрзин мас күйінде ұсталып, 15 тәулікке қамауға алынған. Оған қоса, жеті жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды. Сол кездегі Янайкино ауылының әкімі этика жөніндегі кеңеске де шақырылды.
Кеңес басшысы Ғалым Тұрсынов ашуын жасыра алмай:
"Орал-Атырау" тасжолы Батыс Қазақстан облысында ең қауіпті жолдардың бірі болып саналады. Оны "өлім жолы" деп атайды. Ал рөлге мас күйінде отырған адам нағыз қылмыскер. Мемлекеттік қызметші ретінде ғана емес, адам ретінде рөлге мас күйінде отыруға құқығыңыз жоқ", - деп айтқан.
Әлмұрзин ақталуға тырысса да, жұмыстан босатылды.
Жақында Бәйтерек ауданының әкімдігі ресми сайтында төрт ауылдық округте сайлау өткені туралы ақпаратты жариялады. Оған сәйкес, Ауған Әлмұрзин Көшім аулының әкімі болып сайланды.
Аудан әкімі аппаратының жетекшісі Нұржан Дүзабатырдың айтуынша, Әлмұрзин дауыс беру арқылы сайланды. Жергілікті халықтың 80 проценті оған дауыс берген.
"Иә, шынымен де, ол жұмыстан шығарылған болатын. Екі айдан кейін мемлекеттік қызмет бойынша тестілеу тапсырып, Янайкино ауылының әкімдігіне бас маман болып жұмысқа тұрды. Бұған дейін 12 жыл Көшім әкімдігінде қызмет атқарды. Осыған байланысты ауыл халқы оның кандидатурасын әкім сайлауына шығаруды сұрады. Орталық сайлау комиссиясы оның құжаттарын қабылдады", - дейді Дүзбатыр.
Оның айтуынша, Көшім ауылында Әлмұрзинді бәрі біледі және құрметтейді. Ал кейбір адамдар оның көлікке мас күйінде отырғанына әлі сенбейді.
Жаңалықтар
0