Қоғам

Астанада Ресейдің үш азаматына айыппұл салынды

© Sputnik / Vitaly Timkiv / Медиабанкке өтуархив
архив - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.10.2022
Жазылу
АСТАНА, 13 қазан – Sputnik. Астанада дронды рұқсатсыз ұшырған үш адамға айыппұл салынды. Үшеуі де Ресейден келген, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Ресейліктер Есілдің сол жағалауында квадрокоптерлер ұшырған. Дронды рұқсатсыз ұшыру фактілері Есіл өзенінің бойында ғана емес, қорғаныс министрлігінің маңайында да тіркелген.
Полицейлер тәртіп бұзған азаматтарды тапты. Барлығы – шетелдіктер. 18 және 28 жастағы жігіттер, сондай-ақ, 48 жастағы ер адам Ресей Федерациясынан келген. Олар ұшқышсыз ұшу аппараттарын әкімшілік ғимараттардың үстінен ұшырған. Ал заң бойынша дронды аспанға көтеру үшін арнайы рұқсат қағазын алу керек, дронды тіркеу тәртібі де бар.
Полиция барлық материалды азаматтық авиация комитетіне жіберді. Ресейдің үш азаматы Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 593-бабы, бірінші бөлігінің 5-тармақшасы бойынша жауапкершілікке тартылды. Олар 10 айлық есептік көрсеткіш (30 630 теңге) көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді.
Жаңалықтар
0