https://sputnik.kz/20221013/aosshk-vi-sezi-otyrysqa-qatysushylardyn-negizgi-malimdemeleri-28479009.html
АӨСШК VI съезі: отырысқа қатысушылардың негізгі мәлімдемелері
АӨСШК VI съезі: отырысқа қатысушылардың негізгі мәлімдемелері
Sputnik Қазақстан
АӨСШК VI съезіне қатысушылар геосаяси, экономикалық, энергетикалық және азық-түлік дағдарыстары аясындағы Азия елдерінің қауіпсіздігі мен өзара іс-қимылын... 13.10.2022, Sputnik Қазақстан
2022-10-13T19:16+0500
2022-10-13T19:16+0500
2022-10-14T16:16+0500
астана
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/0d/28432163_0:26:940:555_1920x0_80_0_0_89f578e979da19e910dadec1b0765600.jpg
АСТАНА, 13 қазан – Sputnik. Азияның болашағы АӨСШК-ге мүше елдердің мәдениеттер, дәстүрлер мен дүниетанымдар арасындағы диалогты нығайтуға ұжымдық дайындығына байланысты және ұйым алдағы уақытта Азия континентінде жұмыс істейтін басқа табысты көпжақты ұйымдармен өзара іс-қимыл жасай отырып, үдеріске, экономикалық өркендеуге және мәдениеттер мен өркениеттер арасындағы диалогқа жәрдемдесуді жалғастырады.Жаһандық ауқымдағы Азия келешегіАстанада өткен АӨСШК VI саммиті өзінің өзектілігі мен маңыздылығын тағы бір мәрте көрсетті. Өз жұмысын 30 жыл бұрын бастаған және бастапқыда (1999 жылдың қорытындысы бойынша) небәрі 15 мемлекет мүше болған ұйымның қатары осы жылдар ішінде екі есеге жуық өсті және қазіргі съезде мемлекет саны 27-ге жетті. Күні кеше АӨСШК-ге Кувейт те қосылды.Сондай-ақ ол соңғы 30 жылда саммит көпжақты ынтымақтастық алаңы мен заманауи дипломатияның халықаралық институтына айналғанын атап өтті.Тоқаевтың айтуынша, ХХІ ғасыр Азия ғасыры болады деген болжам бүгінде шындыққа айналды және оны елемеу мүмкін емес.Ол Азия номиналды ЖІӨ мен сатып алу қабілетінің паритеті бойынша әлемде экономикалық көшбасшы болғанын айтып, бұл ретте түпкілікті нәтиже, ең алдымен, ұйымға мүше елдердің мәдениеттері, дәстүрлері мен дүниетанымдары арасындағы нығайтуға ұжымдық дайындығына байланысты болатынын еске салды.Қасым-Жомарт Тоқаев Азия өңірінің гүлденуі үшін АӨСШК-ге мүше елдердің әлі де атқаруы тиіс істері көп екенін атап өтті. Осылайша ол АӨСШК қаржылық саммитін тұрақты алаңға айналдыруды ұсынды."Қаржы саммиті АӨСШК-ге мүше мемлекеттердің қаржы саласындағы ынтымақтастығын арттыру мақсатында Қытай Халық Республикасының бастамасымен ұйымдастырылды. Қаржы саммитінің трансформациясы экономиканы қалпына келтіруге, тұрақты және инклюзивті дамуға, сондай-ақ Кеңес аясында өңірлік және субөңірлік қаржылық ынтымақтастық дамуға қолайлы жағдай жасауға ықпал етеді", - деді Тоқаев.Сондай-ақ ол әлеуметтік маңызы бар өнімдерді жеткізу үшін "жасыл дәліздерді" дамытуды ұсынды.Сонымен қатар, Тоқаев Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымымен ынтымақтастық орнатуды ұсынды. Оның пікірінше, АӨСШК-ге мүше елдердің ауыл шаруашылығы әлеуетін ескере отырып, мұқтаж елдерді азық-түлік және тыңайтқыштармен қамтамасыз ету үшін бірқатар шараларды жүзеге асыруға болады.Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде жаһандық қауіп-қатер жағдайында халықаралық қатынастарда тұрақтылыққа қол жеткізу қажеттілігіне ерекше назар аударды. Оның айтуынша, халықаралық қатынастардың жаһандық жүйесінде Азия континентінің маңыздылығын күшейту үшін ең алдымен жаңа бейбітшілік күн тәртібін қалыптастыруға басымдық беру қажет.Көпполярлы әлемге өту кезіндегі Азияның рөліРесей Федерациясының президенті Владимир Путин де АӨСШК VI съезінде сөйлеген сөзінде қазіргі әлемдегі Азияның ерекше рөлін атап өтті. Оның айтуынша, жаһандық саясатта көпполярлылыққа қатысты елеулі өзгерістер орын алып жатыр және бұл жерде Азия негізгі рөл атқара бастады.Оның айтуынша, Ресей Азияның дамуы мен өркендеуін, экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық кеңістік құрылуын қолдайды. Бұл ретте ол Ресейдің АӨСШК-нің барлық елдерімен қарым-қатынасты дамытуға ниетті екенін атап өтіп, тауарларды жеткізу тізбегін қалпына келтіру үшін барлық жасанды кедергілерді жоюға шақырды."Біз азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы өзекті мәселелерді шешу үшін жаһандық жеткізу тізбегінің қалыпты жұмысын қалпына келтіруге кедергі келтіретін барлық жасанды заңсыз кедергіні жоюға шақырамыз", - деді Путин.Ол сондай-ақ Азиядағы басқа мемлекеттермен бірге Ресей халықаралық құқықтың жалпыға бірдей танылған қағидаттарына, БҰҰ Жарғысына негізделген тең, бөлінбейтін қауіпсіздік жүйесін қалыптастыру үшін қолдан келгенін жасап жатқанын атап өтті.Басты назарда - Ауғанстан Кездесуде Ресей президенті батыс елдері коалициялық күштері Ауғанстандағы шығарылғаннан кейінгі осы елдегі жағдай туралы мәселе көтерді. Путиннің айтуынша, Ауғанстан аймақ үшін "қауіпсіздіктегі ең өткір мәселелердің бірі" болып қала береді. Себебі, елден АҚШ пен коалиция бойынша серіктестері кеткеннен кейін терроризм мәселесі ушықты."Өкінішке қарай, Ауғанстан біздің аймақ үшін қауіпсіздіктің ең өткір мәселелерінің бірі болып қала береді. АҚШ пен НАТО-ның 20 жылдан астам әскери қатысуынан кейін, олардың саясатының сәтсіздігінен кейін бұл ел лаңкестік қауіптермен байланысты мәселелерді өз бетінше шеше алмады. Біз оккупация жылдарында ауғандарға келтірілген шығынды өтеуге және заңсыз бұғатталған ауған қаражатын қайтаруға шақырамыз", - деді Путин.Ауғанстандағы жағдайды Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев те көтерді. Ол елдегі жағдайды реттеу үшін жоғары деңгейдегі келіссөздер тобын құруды және Ауғанстанның уақытша үкіметімен өзара іс-қимылдың ортақ келісілген тәсілдерін әзірлеуді ұсынды."Өкінішке қарай, басқа да өткір халықаралық проблемалар аясында Ауғанстанды реттеу мәселесі екінші орынға түсе бастады. Біз бұл ел халықаралық лаңкестік орталыққа айналуына қайтадан жол бере алмаймыз. Ауғанстанның уақытша үкіметімен өзара іс-қимылдың ортақ келісілген тәсілдерін әзірлеу қажет", - деді ол.Өзбекстан басшысы жастарды радикалды идеялардың ықпалынан қорғау үшін Азияда "Ұрпақтар диалогын" іске қосуды ұсынды. Өйткені елдер радикалды идеялардың кең таралуымен бетпе-бет келіп жатыр және деструктивті күштер жастарды экстремистік ұйымдарға белсенді түрде тартып жатыр.Азия және әлемдік қаржы жүйесіАзиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің саммиті барысында Азия континентіндегі елдерге қатысты бірқатар экономикалық мәселелер де көтерілді. Мысалы, РФ президенті Владимир Путин Ресей әлемдік қаржы жүйесінің қағидаларын қайта қарауды қолдайтынын атап өтті.Бірінші қадам ретінде Ресей басшысы өзара есеп айырысуда ұлттық валюталарды белсендірек пайдалануды ұсынды. Оның айтуынша, мұндай шаралар мемлекеттердің қаржылық егемендігін нығайтуға, ішкі капитал нарығын дамытуға және аймақтық интеграцияны тереңдетуге септігін тигізеді.Владимир Путин қазір әлемде энергия бағасының тұрақсыздығы артып, ол көптеген елде дағдарыстың тағы бір себебі болып отырғанын атап өтті."Әлемде энергетика ресурстары, азық-түлік, тыңайтқыштар, шикізат және басқа да маңызды тауарлардың бағасы құбылмалылы боылп отыр. Бұл дамыған елдердің де, дамушы елдердің де өмір сүру сапасының нашарлауына алып келеді", - деді Путин.Әлемдік саясаттың жаңа полюстерінің қалыптасуындағы Азия рөліТүркия президенті Режеп Тайип Эрдоған АӨСШК съезінде сөйлеген сөзінде жаһандық қауіпсіздік архитектурасын неғұрлым әділ құрылым негізінде құру керектігін атап өтті. Ол адамзат күш тепе-теңдігі өзгеріп, жеткізулер тізбегі үзілген кезеңді бастан өткеріп жатқанын еске салды."Біз экономикадан азық-түлік қауіпсіздігіне, энергетикадан халықаралық қатынастарға дейінгі көптеген салада күрделі қиындықтармен бетпе-бет келіп отырмыз. Түркия бұрыннан бері әлем БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі бес тұрақты мүше ғана емес екенін айтып келеді. Біз жаһандық қауіпсіздік архитектурасы әділетті ұғым негізінде қалыптасуы керек деп санаймыз", - деді Эрдоған.Сондай-ақ ол Түркияның бүкіл әлем экономикасы мен жаһандық қауіпсіздікке әсер етіп отырған Украина қақтығысын реттеуге күш салуын және қатысуын жалғастыратынын атап өтті."Біз бәріміз Украинадағы дағдарыстың зардаптарын аймақтық және жаһандық ауқымда сезініп жатырмыз. Әділ әлемге дипломатия арқылы қол жеткізуге болады. Соғыста жеңетін де, әділетті әлемде жеңілетін де тарап жоқ", - деді Түркия басшысы.Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің саммиті барысында Беларусь президенті Александр Лукашенко да әлем қиын кезеңдерді бастан өткеріп жатқанын айтты. Оның айтуынша, санкциялардың шиеленісуіне байланысты үшінші дүниежүзілік соғыс қаупі артып жатыр. Ол қақтығыстарды шешуде өз бітімгершілік қызметтерін ұсынып отырған батыс елдері іс жүзінде жағдайды ушықтырып отырғанын мәлімдеді.Беларусь Президенті АӨСШК-ге мүше әрбір елдің өзіндік ерекшеліктері бар екенін, бірақ қазір оларды дағдарыстан жедел шығып, қалыпты даму жолына оралу міндеті біріктіріп тұрғанын айтты.Ол сондай-ақ жаһандық саясат пен экономиканың назары Азияға ығысуы, жалпыеуропалық инфрақұрылымдық және логистикалық жобалардың серпінді дамуы АӨСШК мемлекеттері арасындағы диалог пен ынтымақтастықты одан әрі кеңейтудің бұрынғыдан да маңызды сипатта екенін мәлімдеді.АӨСШК VI саммитінің қорытынды құжаттарыАзиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің пленарлық отырысының қорытындысы бойынша шараға қатысушылар ұйымның дамуы бойынша бірқатар қорытынды құжат қабылдады.Ұйымға қатысушы елдердің басшылары атап өткендей, 30 жыл ішінде АӨСШК толыққанды халықаралық ұйымға айналды. Сондықтан Астана мәлімдемесінде АӨСШК трансформациясы туралы шешім қабылданды."Біз Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесін толыққанды аймақтық халықаралық ұйымға кезең-кезеңімен, консенсусқа негізделген трансформациялау бойынша құрылымдық, жан-жақты және ашық келіссөздер процесін бастаймыз", - деп жазылған хабарламада.Трансформацияның негізгі мақсаттары мыналар болады: болашақ ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын анықтау және АӨСШК-ге мүше елдердің өзара іс-қимылының ұйымдық және институционалдық негіздерін нығайту.Тағы бір маңызды құжат АӨСШК мүше-мемлекет басшыларының ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланудағы қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі ынтымақтастық туралы мәлімдемесі болды.Қабылданған келесі маңызды құжат – БҰҰ-ның терроризмге қарсы жаһандық стратегиясын іске асыру жөніндегі Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің іс-қимыл жоспары.Сонымен қатар, АӨСШК саммитінде Кувейтке АӨСШК мүше-мемлекет мәртебесін беру, 2022-2024 жылдары бірлестікке төрағалық ету және мемлекет және үкімет басшылары кеңесі мен Министрлер кеңесінің тұрақты отырыстарын өткізу, сондай-ақ АӨСШК қоры туралы ереже қабылданды.
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/0d/28432163_83:0:857:580_1920x0_80_0_0_94bba9a8b5eca594fd98a61107304e4f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астана
АӨСШК VI съезі: отырысқа қатысушылардың негізгі мәлімдемелері
19:16 13.10.2022 (жаңартылды: 16:16 14.10.2022) АӨСШК VI съезіне қатысушылар геосаяси, экономикалық, энергетикалық және азық-түлік дағдарыстары аясындағы Азия елдерінің қауіпсіздігі мен өзара іс-қимылын талқылады
АСТАНА, 13 қазан – Sputnik. Азияның болашағы АӨСШК-ге мүше елдердің мәдениеттер, дәстүрлер мен дүниетанымдар арасындағы диалогты нығайтуға ұжымдық дайындығына байланысты және ұйым алдағы уақытта Азия континентінде жұмыс істейтін басқа табысты көпжақты ұйымдармен өзара іс-қимыл жасай отырып, үдеріске, экономикалық өркендеуге және мәдениеттер мен өркениеттер арасындағы диалогқа жәрдемдесуді жалғастырады.
Жаһандық ауқымдағы Азия келешегі
Астанада өткен АӨСШК VI саммиті өзінің өзектілігі мен маңыздылығын тағы бір мәрте көрсетті. Өз жұмысын 30 жыл бұрын бастаған және бастапқыда (1999 жылдың қорытындысы бойынша) небәрі 15 мемлекет мүше болған ұйымның қатары осы жылдар ішінде екі есеге жуық өсті және қазіргі съезде мемлекет саны 27-ге жетті. Күні кеше АӨСШК-ге Кувейт те қосылды.
"Бұл форумның Азия елдері мен жалпы әлемдік қауымдастық алдындағы беделінің артқанын көрсетеді. Біз Кувейттің кеңес мүшесі ретінде бізге қосылғанына өте қуаныштымыз", - деді Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев саммиттің ашылуында.
Сондай-ақ ол соңғы 30 жылда саммит көпжақты ынтымақтастық алаңы мен заманауи дипломатияның халықаралық институтына айналғанын атап өтті.
Тоқаевтың айтуынша, ХХІ ғасыр Азия ғасыры болады деген болжам бүгінде шындыққа айналды және оны елемеу мүмкін емес.
Ол Азия номиналды ЖІӨ мен сатып алу қабілетінің паритеті бойынша әлемде экономикалық көшбасшы болғанын айтып, бұл ретте түпкілікті нәтиже, ең алдымен, ұйымға мүше елдердің мәдениеттері, дәстүрлері мен дүниетанымдары арасындағы нығайтуға ұжымдық дайындығына байланысты болатынын еске салды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Азия өңірінің гүлденуі үшін АӨСШК-ге мүше елдердің әлі де атқаруы тиіс істері көп екенін атап өтті. Осылайша ол АӨСШК қаржылық саммитін тұрақты алаңға айналдыруды ұсынды.
"Қаржы саммиті АӨСШК-ге мүше мемлекеттердің қаржы саласындағы ынтымақтастығын арттыру мақсатында Қытай Халық Республикасының бастамасымен ұйымдастырылды. Қаржы саммитінің трансформациясы экономиканы қалпына келтіруге, тұрақты және инклюзивті дамуға, сондай-ақ Кеңес аясында өңірлік және субөңірлік қаржылық ынтымақтастық дамуға қолайлы жағдай жасауға ықпал етеді", - деді Тоқаев.
Сондай-ақ ол әлеуметтік маңызы бар өнімдерді жеткізу үшін "жасыл дәліздерді" дамытуды ұсынды.
Сонымен қатар, Тоқаев Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымымен ынтымақтастық орнатуды ұсынды. Оның пікірінше, АӨСШК-ге мүше елдердің ауыл шаруашылығы әлеуетін ескере отырып, мұқтаж елдерді азық-түлік және тыңайтқыштармен қамтамасыз ету үшін бірқатар шараларды жүзеге асыруға болады.
Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде жаһандық қауіп-қатер жағдайында халықаралық қатынастарда тұрақтылыққа қол жеткізу қажеттілігіне ерекше назар аударды. Оның айтуынша, халықаралық қатынастардың жаһандық жүйесінде Азия континентінің маңыздылығын күшейту үшін ең алдымен жаңа бейбітшілік күн тәртібін қалыптастыруға басымдық беру қажет.
Көпполярлы әлемге өту кезіндегі Азияның рөлі
Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин де АӨСШК VI съезінде сөйлеген сөзінде қазіргі әлемдегі Азияның ерекше рөлін атап өтті. Оның айтуынша, жаһандық саясатта көпполярлылыққа қатысты елеулі өзгерістер орын алып жатыр және бұл жерде Азия негізгі рөл атқара бастады.
Оның айтуынша, Ресей Азияның дамуы мен өркендеуін, экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық кеңістік құрылуын қолдайды. Бұл ретте ол Ресейдің АӨСШК-нің барлық елдерімен қарым-қатынасты дамытуға ниетті екенін атап өтіп, тауарларды жеткізу тізбегін қалпына келтіру үшін барлық жасанды кедергілерді жоюға шақырды.
"Біз азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы өзекті мәселелерді шешу үшін жаһандық жеткізу тізбегінің қалыпты жұмысын қалпына келтіруге кедергі келтіретін барлық жасанды заңсыз кедергіні жоюға шақырамыз", - деді Путин.
Ол сондай-ақ Азиядағы басқа мемлекеттермен бірге Ресей халықаралық құқықтың жалпыға бірдей танылған қағидаттарына, БҰҰ Жарғысына негізделген тең, бөлінбейтін қауіпсіздік жүйесін қалыптастыру үшін қолдан келгенін жасап жатқанын атап өтті.
Басты назарда - Ауғанстан
Кездесуде Ресей президенті батыс елдері коалициялық күштері Ауғанстандағы шығарылғаннан кейінгі осы елдегі жағдай туралы мәселе көтерді. Путиннің айтуынша, Ауғанстан аймақ үшін "қауіпсіздіктегі ең өткір мәселелердің бірі" болып қала береді. Себебі, елден АҚШ пен коалиция бойынша серіктестері кеткеннен кейін терроризм мәселесі ушықты.
"Өкінішке қарай, Ауғанстан біздің аймақ үшін қауіпсіздіктің ең өткір мәселелерінің бірі болып қала береді. АҚШ пен НАТО-ның 20 жылдан астам әскери қатысуынан кейін, олардың саясатының сәтсіздігінен кейін бұл ел лаңкестік қауіптермен байланысты мәселелерді өз бетінше шеше алмады. Біз оккупация жылдарында ауғандарға келтірілген шығынды өтеуге және заңсыз бұғатталған ауған қаражатын қайтаруға шақырамыз", - деді Путин.
Ауғанстандағы жағдайды Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев те көтерді. Ол елдегі жағдайды реттеу үшін жоғары деңгейдегі келіссөздер тобын құруды және Ауғанстанның уақытша үкіметімен өзара іс-қимылдың ортақ келісілген тәсілдерін әзірлеуді ұсынды.
"Өкінішке қарай, басқа да өткір халықаралық проблемалар аясында Ауғанстанды реттеу мәселесі екінші орынға түсе бастады. Біз бұл ел халықаралық лаңкестік орталыққа айналуына қайтадан жол бере алмаймыз. Ауғанстанның уақытша үкіметімен өзара іс-қимылдың ортақ келісілген тәсілдерін әзірлеу қажет", - деді ол.
Өзбекстан басшысы жастарды радикалды идеялардың ықпалынан қорғау үшін Азияда "Ұрпақтар диалогын" іске қосуды ұсынды. Өйткені елдер радикалды идеялардың кең таралуымен бетпе-бет келіп жатыр және деструктивті күштер жастарды экстремистік ұйымдарға белсенді түрде тартып жатыр.
Азия және әлемдік қаржы жүйесі
Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің саммиті барысында Азия континентіндегі елдерге қатысты бірқатар экономикалық мәселелер де көтерілді. Мысалы, РФ президенті Владимир Путин Ресей әлемдік қаржы жүйесінің қағидаларын қайта қарауды қолдайтынын атап өтті.
Бірінші қадам ретінде Ресей басшысы өзара есеп айырысуда ұлттық валюталарды белсендірек пайдалануды ұсынды. Оның айтуынша, мұндай шаралар мемлекеттердің қаржылық егемендігін нығайтуға, ішкі капитал нарығын дамытуға және аймақтық интеграцияны тереңдетуге септігін тигізеді.
Владимир Путин қазір әлемде энергия бағасының тұрақсыздығы артып, ол көптеген елде дағдарыстың тағы бір себебі болып отырғанын атап өтті.
"Әлемде энергетика ресурстары, азық-түлік, тыңайтқыштар, шикізат және басқа да маңызды тауарлардың бағасы құбылмалылы боылп отыр. Бұл дамыған елдердің де, дамушы елдердің де өмір сүру сапасының нашарлауына алып келеді", - деді Путин.
Әлемдік саясаттың жаңа полюстерінің қалыптасуындағы Азия рөлі
Түркия президенті Режеп Тайип Эрдоған АӨСШК съезінде сөйлеген сөзінде жаһандық қауіпсіздік архитектурасын неғұрлым әділ құрылым негізінде құру керектігін атап өтті. Ол адамзат күш тепе-теңдігі өзгеріп, жеткізулер тізбегі үзілген кезеңді бастан өткеріп жатқанын еске салды.
"Біз экономикадан азық-түлік қауіпсіздігіне, энергетикадан халықаралық қатынастарға дейінгі көптеген салада күрделі қиындықтармен бетпе-бет келіп отырмыз. Түркия бұрыннан бері әлем БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі бес тұрақты мүше ғана емес екенін айтып келеді. Біз жаһандық қауіпсіздік архитектурасы әділетті ұғым негізінде қалыптасуы керек деп санаймыз", - деді Эрдоған.
Сондай-ақ ол Түркияның бүкіл әлем экономикасы мен жаһандық қауіпсіздікке әсер етіп отырған Украина қақтығысын реттеуге күш салуын және қатысуын жалғастыратынын атап өтті.
"Біз бәріміз Украинадағы дағдарыстың зардаптарын аймақтық және жаһандық ауқымда сезініп жатырмыз. Әділ әлемге дипломатия арқылы қол жеткізуге болады. Соғыста жеңетін де, әділетті әлемде жеңілетін де тарап жоқ", - деді Түркия басшысы.
Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің саммиті барысында Беларусь президенті Александр Лукашенко да әлем қиын кезеңдерді бастан өткеріп жатқанын айтты. Оның айтуынша, санкциялардың шиеленісуіне байланысты үшінші дүниежүзілік соғыс қаупі артып жатыр. Ол қақтығыстарды шешуде өз бітімгершілік қызметтерін ұсынып отырған батыс елдері іс жүзінде жағдайды ушықтырып отырғанын мәлімдеді.
Беларусь Президенті АӨСШК-ге мүше әрбір елдің өзіндік ерекшеліктері бар екенін, бірақ қазір оларды дағдарыстан жедел шығып, қалыпты даму жолына оралу міндеті біріктіріп тұрғанын айтты.
Ол сондай-ақ жаһандық саясат пен экономиканың назары Азияға ығысуы, жалпыеуропалық инфрақұрылымдық және логистикалық жобалардың серпінді дамуы АӨСШК мемлекеттері арасындағы диалог пен ынтымақтастықты одан әрі кеңейтудің бұрынғыдан да маңызды сипатта екенін мәлімдеді.
АӨСШК VI саммитінің қорытынды құжаттары
Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің пленарлық отырысының қорытындысы бойынша шараға қатысушылар ұйымның дамуы бойынша бірқатар қорытынды құжат қабылдады.
Ұйымға қатысушы елдердің басшылары атап өткендей, 30 жыл ішінде АӨСШК толыққанды халықаралық ұйымға айналды. Сондықтан Астана мәлімдемесінде АӨСШК трансформациясы туралы шешім қабылданды.
"Біз Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесін толыққанды аймақтық халықаралық ұйымға кезең-кезеңімен, консенсусқа негізделген трансформациялау бойынша құрылымдық, жан-жақты және ашық келіссөздер процесін бастаймыз", - деп жазылған хабарламада.
Трансформацияның негізгі мақсаттары мыналар болады: болашақ ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын анықтау және АӨСШК-ге мүше елдердің өзара іс-қимылының ұйымдық және институционалдық негіздерін нығайту.
Тағы бір маңызды құжат АӨСШК мүше-мемлекет басшыларының ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланудағы қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі ынтымақтастық туралы мәлімдемесі болды.
Қабылданған келесі маңызды құжат – БҰҰ-ның терроризмге қарсы жаһандық стратегиясын іске асыру жөніндегі Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің іс-қимыл жоспары.
Сонымен қатар, АӨСШК саммитінде Кувейтке АӨСШК мүше-мемлекет мәртебесін беру, 2022-2024 жылдары бірлестікке төрағалық ету және мемлекет және үкімет басшылары кеңесі мен Министрлер кеңесінің тұрақты отырыстарын өткізу, сондай-ақ АӨСШК қоры туралы ереже қабылданды.