Қоғам

АӨСШК хатшылығы мен ЕАЭК меморандумға қол қойды

© Photoмеморандумға қол қою сәті
меморандумға қол қою сәті - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.10.2022
Жазылу
АСТАНА, 13 қазан – Sputnik. АӨСШК хатшылығы мен Еуразиялық экономикалық комиссия өзара түсіністік туралы меморандумды рәсімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Құжатқа АӨСШК атқарушы директоры Қайрат Сарыбай мен ЕАЭК алқасының төрағасы Михаил Мясникович қол қойды. Шара АӨСШК саммиті аясында өтті.
Осылайша, Еуразиялық экономикалық комиссия АӨСШК-мен әріптестік орнатқан алтыншы ұйым болды. Серіктестік байланыстар экономика, қаржы, көлік, тасымал, цифрландыру, ақпараттық технологиялар, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы мен сауда саласында жүргізіледі.
"АӨСШК өз қызметін бес ауқымды салада жүргізіп келеді. Олар – әскери-саяси, жаңа қауіп-қатерлер, экономика, экология мен адамзат. Күн тәртібінің 60 проценті экономика мәселелеріне арналған. Осының өзі ұйымға мүше мемлекеттердің нақты ынтымақтастыққа мүдделі екенін көрсетіп отыр. Еуразиялық экономикалық комиссияға да серіктестік жүргізуге көп мүмкіндік беріп отыр. АӨСШК Іскерлік кеңесі мен ЕАЭК Іскерлік кеңесі арасындағы ынтымақтастық осы жұмыстың практикалық формасы бола алады", - дейді Сарыбай.
Оның айтуынша, қазіргі экономикалық, жаһандық және аймақтық қауіп-қатерлерге байланысты Азия аймағында, сондай-ақ, Еуразия құрлығында тығыз қарым-қатынас жасау аса қажет.
Жаңалықтар
0