Заңсыз берілген 33 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды

© Sputnik / Максим Богодвид / Медиабанкке өтуАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.10.2022
Жазылу
АЛМАТЫ, 11 қазан – Sputnik. Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының қызметкерлері лауазымдық өкілеттігін теріс пайдаланып, жерді заңсыз үлестіргені үшін сот алдында жауап береді. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің телеграм каналында жарияланды.
Ведомство 10 сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Астана қаласында, Жамбыл, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарында сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында 65 жер учаскесі белгіленді. Оларды жергілікті атқарушы органдар "Astana", "Тараз", "Сарыарқа" және "Солтүстік" ӘКК инвестициялық жобалар үшін берген.
"Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы инвестициялық емес жобаларды іске асыру үшін жер және кәсіпкерлік кодекстердің талаптарын бұза отырып, заңды тұлғаларға жер учаскелерін рәсімдеген", - делінген хабарламада.
Мысалы, Қарағанды облысында 2019-2021 жылдар аралығында Қарағанды, Балқаш, Жезқазған және Сәтбаев қалаларының әкімдіктері "Сарыарқа" ӘКК-ге 36 жер учаскесін беріп, оның 14-і Кәсіпкерлік кодексінің нормаларын және қалалардың бас жоспарын бұза отырып берілген.
Солтүстік Қазақстан облысында Петропавл қаласы әкімдігінің қаулылары негізінде "Солтүстік" ӘКК үшін 6 жер учаскесі берілді. Одан кейін олар сауда-саттықсыз құрылыс салушыларға берілді.
Астана қаласы мен Жамбыл облысында сәйкесінше 8 және 5 учаске заңсыз берілген.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің аумақтық департаменттерінің ұсынысы бойынша әкімдіктер заңсыз берілген 33 жер учаскесін мемлекет меншігіне қайтарды.
Жаңалықтар
0