Венесуэлада су тасқыны салдарынан 43 адам қаза тапты

© AP Photo / Gerald HerbertАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.10.2022
Жазылу
АСТАНА, 12 қазан – Sputnik. Венесуэланың Арагуа штатында сел болған жерден 43 адамның мәйіті табылды.
"Қаза болғандардың саны 43 адамға жетті, жұмыс жалғасып жатыр", - деді елдің вице-президенті Делси Родригес VTV телеарнасының эфирінде.
Бұған дейін ел билігі 39 адам көз жұмғанын хабарлаған. Жексенбіде сел Арагуаның Лас-Техериас аймағындағы үйлердің бір бөлігін қиратты, өзендер арнасынан асып кетті.
Апат аймағына мыңнан астам құтқарушы мен сарбаз, азық-түлік тиелген автокөлік колонналары жіберілді. Президент Мадуро су тасқынынан зардап шеккен азаматтар мен бизнесінен айырылған кәсіпкерлерге ақшалай көмек көрсетуді тапсырды.
Айта кетері, Венесуэланың солтүстігінде жауған нөсер жаңбырға Кариб теңізі арқылы өткен "Джулия" дауылы себеп болған.
Жаңалықтар
0