Түрік компаниялары Қазақстанда жұмыссыздықты азайтуға көмектесуге дайын

© Sputnik / Владислав ВодневВ Астану прибыл Реджеп Тайип Эрдоган
В Астану прибыл Реджеп Тайип Эрдоган - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.10.2022
Жазылу
АСТАНА, 12 қазан – Sputnik. Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған Қазақстандағы түрік компанияларының халықты жұмыспен көбірек қамтуға тырысатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Түркия басқа елдерге қарағанда тек энергетика саласына ғана мән беріп қоймай, Қазақстан экономикасын әртараптандыруға және жұмыспен қамтуды арттыруға көмектесуде. Жұмыспен қамтуға көбірек үлес қосқысы келетін біздің компанияларымызға қолдау білдіретініңізге сенімдімін", - деді Ердоған Ақордада өткен шағын құрамдағы кездесуден кейін.

Түркия басшысы қонақжайлылық үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа және барша қазақ бауырларына өз алғысын білдірді.
"Жаңа ғана өткізілген оңаша кездесуде қарым-қатынасымыздың барлық аспектілерін аймақтық және жаһандық өзекті мәселелер бойынша пікір алмастық. Ынтымақтастығымызды барлық салада одан әрі нығайтуға келістік. Қазақстандағы инвестиция көлемін назар аударарлықтай деңгейге көтеріп, 4,3 млрд долларға жеткіздік", - деп атап көрсетті Ердоған.
Оның айтуынша, екі елдің сауда айналымын қысқа мерзімде 5 млрд долларға, ал орта мерзімде 10 млрд долларға жеткізу мақсаты тұр.
"Былтыр 58 пайыздық өсумен бастапқыдағы нысанамызды біз еңсердік", - деді ол.
Жаңалықтар
0