Тоқаев Қатар әмірін орденмен марапаттады

© Sputnik / Владислав ВодневТоқаев Қатар әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен кездесті
Тоқаев Қатар әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен кездесті - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.10.2022
Жазылу
АСТАНА, 12 қазан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәниді "Алтын Қыран" орденімен марапаттады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Тоқаев Қазақстан Қатар елімен түрлі саладағы ықпалдастықты нығайтуға мүдделі екенін атап өтті.
"Жоғары мәртебелі шейх Тәмим мырза, сіз қазақ-қатар қатынасын тұрақты дамытуға өлшеусіз үлес қосып келесіз. Біз мұны жоғары бағалаймыз. Мен осы саладағы айрықша тарихи рөліңізді ескере отырып, сізді "Алтын Қыран" орденімен марапаттау туралы шешім қабылдадым", - деді президент.
Айта кетері, "Алтын Қыран" Қазақстан Республикасының ең жоғары наградасы. Сондықтан Тоқаев бұл марапат екіжақты қарым-қатынастар жылнамасына алтын әріппен жазылатынына сенім білдірді.
"Мен достығымызды нығайтып, береке-бірлігімізді арттыра түсу үшін бар күш-жігерімді жұмсауға дайынмын", - деп түйіндеді ол.
Жаңалықтар
0