Тоқаев пен Ердоған Транскаспий дәлізін дамыту мәселесін талқылады

© PhotoПрезидент Турции прибыл в Астану
Президент Турции прибыл в Астану - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.10.2022
Жазылу
АСТАНА, 12 қазан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған Транскаспий дәлізін дамыту мәслесін талқылады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Жалпы, екіжақты сауда-саттық әлеуетін арттыру жолында транзиттік тасымал бағыты маңызды рөл атқарады. Біз тасымал шығынын азайтып, жеткізу мерзімін қысқарту үшін Транскаспий дәлізін дамытуға шақырамыз. Бұл мәселе бойынша біз бүгін пікір алмастық. Көзқарасымыз бірдей", - деді Тоқаев шағын құрамда өткен кездесуден кейін.
Осы орайда президенті биыл маусым айында Бакуде үшжақты форматтағы кездесу өткенін еске сады.
"Біз бұл дәстүрді жалғастыруға ниеттіміз. Келесі басқосуды Ақтауда өткізуді ұсынамыз", - деп атап көрсетті президент.
Оның айтуынша, алдағы мақсат – екі жақты сауда айналымын 10 млрд долларға жеткізу.
"Анкара соңғы он бес жылда Қазақстанға 4,35 млрд доллар инвестиция құйды. Ал біздің еліміз Түркияға 1,13 млрд доллар қаржы салды. Түркия Қазақстанның ең ірі он инвесторының қатарында тұр", - деді Тоқаев.
Жаңалықтар
0