Түркия Қазақстанның ең жақын әрі сенімді әріптесі – мемлекет басшысы

© Sputnik / Владислав ВодневВ Астану прибыл Реджеп Тайип Эрдоган
В Астану прибыл Реджеп Тайип Эрдоган - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.10.2022
Жазылу
АСТАНА, 12 қазан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанмен шағын құрамда кездесті. Екі елдің басшылары жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің төртінші отырысын да өткізді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Тоқаев Түркия елінен қонақжай қазақ жеріне, атажұртқа келген ағайынға құшағымыз қашан да айқара ашық екенін ерекше атап өтті.
"Бүгін ардақты бауырым Режеп Тайип Ердоған мырза бастаған делегацияны қуана қарсы алып отырмыз. Біз Түркия Республикасы басшылығының Қазақстанға мемлекеттік сапарына ерекше мән беріп отырмыз. Бүгінгі сапарыңыз дипломатиялық қарым қатынастың 30 жылдығына тұспа тұс келіп отыр. Мұның зор символдық мәні бар. Осы кезеңде екі ел арасындағы тығыз саяси диалог өзара құрмет пен сенімге негізделген бауырластық қатынас орнады", - деді мемлекет басшысы.
Президенттің айтуынша, Түркия Қазақстанның ең жақын әрі сенімді әріптесінің бірі. Оған қоса, екі елдің тегі, тілі мен рухани құндылықтары ортақ.
"Түркия мемлекеті республика ретінде даму жолын таңдағаннан бері бір ғасырға жуық уақыт өтті. Осыған орай сізді және бауырлас түрік халқын тарихи белеске жетуімен шын жүректен құттықтаймын. Еліңіз бұл межеге зор жетістікпен қадам басып отыр. Бүгінде Түркия саяси және әлеуметтік-экономикалық даму жолында орасан табысқа жетті. Өңірлік және жаһандық мәселелер бойынша белсенді әрі табанды саясат ұстанып келеді. Соның арқасында әлемдік саясатта абырой-беделі жоғары мемлекет болып отыр", - деп атап көрсетті Тоқаев.
Мемлекет басшысы шағын құрамда болған келіссөздер бауырластық рухында өткенін де жеткізді.
"Сізбен екіжақты және көпжақты ынтымақтастықты, сондай-ақ маңызды халықаралық мәселелерді талқыладық. Ықпалдастықтың басым бағыттарына тың серпін беруге келістік. Сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық қарқынды дамып жатқанын атап өттік", - деді Тоқаев.
Жаңалықтар
0