Таяу Шығыс елдері Ресеймен байланысты арттырып жатыр

© Sputnik / Павел Бедняков / Медиабанкке өтуВстреча президента РФ В. Путина с президентом ОАЭ М. бен Заидом Аль Нахайяном
Встреча президента РФ В. Путина с президентом ОАЭ М. бен Заидом Аль Нахайяном - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.10.2022
Жазылу
Біріккен Араб Әмірліктерінің президенті және әмірі Мұхаммед бен Заид Әл Нахайянның Ресейге сапары кейбір тарап үшін күтпеген жаңалық болды: сапар туралы дүйсенбі күні белгілі болғанмен, араға бір күн салып-ақ ол Санкт-Петербургте Владимир Путинмен сұхбаттасты, деп жазды РИА Новости.
Екі көшбасшы кездесуінің басты тақырыбы ретінде БАӘ сыртқы істер министрлігі Украинадағы дағдарыста "тиімді саяси шешімдерге қол жеткізуге көмектесуді" атады. Бірақ екі ел басшылары сұхбатының аясы әлдеқайда кеңірек болып шықты: энергетикалық нарықтағы жағдай, Сирия, Запорожье атом электр станциясы аясындағы ахуал. Президенттер де жабық есік жағдайында әлемнің ең өзекті мәселелерін талқылады деп болжауға болады.
Анығында, Санкт-Петербургтегі жиында БАӘ басшысы өз елінің ғана емес, Парсы шығанағындағы барлық монархияның өкілі ретінде сөз сөйледі. Әлемдегі ахуалдың қаншалықты жылдам өзгеріп жатқанын ескерсе, бұл жоғары деңгейде жүйелі түрде хабарл алмасуды қажет етеді. Өйткені бірге қарсы тұруды қажет ететін көптеген тәуекел бар.
Жалпы Таяу Шығыс және оның ішінде Парсы шығанағы аймағы өте қиын жағдайда тұр. Сондықтан аймақ елдері өздерінің жаһандық қиындықтарға төтеп беру амалдарын ойлауға мәжбүр.
Ондаған жылдар бойы америкалықтар Парсы шығанағы монархияларына ықпал етіп келгені және АҚШ-тың өте маңызды серіктесі болғаны белгілі. Ынтымақтастық екі жаққа да тиімді болды: АҚШ іс жүзінде әлемдік мұнай нарығын бақылауға алды, ал Парсы аймағы америкалық әскери қамқорлықтың әсерінде болды.
Сонымен қатар, Парсы шығанағы елдері көптеген жылдар бойы АҚШ-пен серіктестіктен тағы бір өте маңызды нәтижені көздеді. Бұл – модернизация. Себебі, аймақтағы элита мұнайдың мәңгілік емес екенін әлдеқашан түсінді. Бір күні қара алтыннан түсетін қомақты табыс тоқтайтыны анық. Сол себепті жоғары дамыған және озық АҚШ-тың көмегімен технологиялық, индустриялық және тағы басқа жаңа серпіліске қол жеткізуді қалады. Ал америкалықтар оларға бұл туралы бірнеше рет уәде бергенімен, оны орындаған жоқ.
Одан кейін америкалықтардың әскери қорғауында мәселе туындай бастады. Екі жарым жыл бұрын АҚШ Сауд Арабиясындағы Patriot зениттік-зымыран кешендерін алып кетті. Бұл техника йемендік көтерілісшілер – хуситтер шабуыл жасайтын елдегі мұнай нысандарын қорғап тұрды. Ал америкалық мемлекеттік құрылымдарда либералды-солшыл күштердің күшеюі осы уақытқа дейін таяушығыстық монархиялардың ішкі істеріне араласпайтын АҚШ саясатында монархтарды демократияның аздығы және адамзат алдындағы айыбы үшін кінәлайтын сарын пайда болуына әкелді.
Жалпы, өңірдегі басшылар өз елдеріне тиімсіз ахуалды түсіне бастап, дәл осы фактор бұл мемлекеттердің Ресеймен жақындасуына және АҚШ-тың емес, ұйым қатысушыларының мүддесін қорғайтын ОПЕК+ форматын құруға итермеледі. Ал биылғы жыл АҚШ-тың Еуропаның құлдырауына қаншалықты қатысты екенін ашық көрсетті. Сондықтан, Ресей мен Таяу Шығыс алдағы қауіпті анық сезініп отыр.
Қазіргі уақытта Батыс мейнстримі ОПЕК+ ұйымын, атап айтқанда, Сауд Арабиясын Ресейдің Украинадағы арнайы операциясына көмектесті деп тікелей айыптап отыр. The Washington Post өткен аптада мұнай өндіруді қысқарту туралы картель қабылдаған шешімді осылай түсіндірді. Осыған жауап ретінде АҚШ Конгресі саудиттерге америкалық қару-жарақ жеткізуді тоқтату туралы заң жобасын дайындап жатқанын мәлімдеді. Бұл аймақтағы ең маңызды елдің бұдан да үлкен әскери әлсіреуін білдіреді.
Жаңалықтар
0