Қатар Қазақстанда өз банкін ашады

© Photo : Pixabay / EdarКалькулятор, архивтегі фото
Калькулятор, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.10.2022
Жазылу
АСТАНА, 12 қазан – Sputnik. Вице-премьер және сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин Қатар әмірінің мемлекеттік сапары аясында қандай келісімшарттарға қол қойылатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Оның айтуынша, бүгін Қатар мен Қазақстан арасында екі маңызды құжатқа қол қойылады. Оның бірі сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы негіздемелік келісім. Екіншісі стандарттау мен метрология саласындағы келісім.
"Көбісі түсіне бермейді, бірақ біздің тауарлардың нарықта танылуы тұрғысынан бұл өте маңызды келісімшарт. Қой етін, мұздатылған ет жеткізу, Қазақстан аумағында сүт бағытында сиыр өсіру бойынша уағдастылыққа қол жеткізілді", - деді Жұманғарин Ақорда кулуарында.
Сонымен қатар, оның айтуынша, қаржы саласында да үлкен жұмыс атқарылып жатыр.
"Қатардың белгілі банкі осы жерде банк ашуды жоспарлап отыр. АХҚО биржасында қазір түрлі катарлық институттар тіркелуде", - деді вице-премьер.
Жұманғарин Қатар осыған дейін Қазақстанға 50 млн доллар инвестициялағанын атап өтті. Соның ішінде қайырымдылық та бар, Алматыда медициналық мекеме салды.
"Сауда айналымы 3 млн доллар шамасында. Бұл төмен көрсеткіш екенін мойындау керек. Қазір тетіктер мен құралдарды жақсартып жатырмыз. Сауда әлеуеті 70 млн долларды құрайды", -деді Жұманғарин.
Айта кетері, Қатар әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни Астанаға мемлекеттік сапармен келді. Ақордада салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті.
Жаңалықтар
0