Оралда түнгі клубқа ойыншық қару алып барған тұрғын істі болды

© Sputnik / Тимур БатыршинАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.10.2022
Жазылу
АСТАНА, 12 қазан – Sputnik. Орал тұрғыны қаладағы түнгі клубтардың біріне қару алып барған. Қолындағы қаруымен ортаға шығып, би билеп, жұрттың назарын өзіне аударуға тырысқан. Ал оның бұл әрекетін достары әлеуметтік желіде жариялады, деп хабарлады "Астана" телеарнасы.
Айналасын үркіткен күдіктіні тәртіп сақшылары іздеп тауып, тексерген кезде суық қарудың муляж екені анықталды. Бірақ қоғамдық орындарда мұндай затты ұстауға болмайды, дейді полицейлер. Өйткені суық қарудың муляжымен дүкен мен ақша айырбастау пунктін тонау оқиғалары бұған дейін кездескен.
Енді ойыншық алтыатар асынған оралдық заң алдында жауап береді. Қылмыстық кодексте мұндай әрекет үшін екі жылға бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
"Тексеру барысында аталған қарудың атыс қаруы емес, муляж екені анықталды. Аталған факті бойынша Қазақстан Қылмыстық кодексінің 287-бабы 2-бөлігі (қаруды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Соған сәйкес тиісті сараптамалар тағайындалды", - дейді Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметкері Лунара Аманғалиева.
Жаңалықтар
0