https://sputnik.kz/20221012/mektep-direktory-ayelin-pyshaqtady-prokuratura-istin-man-zhayyn-bayandady-28383327.html
Мектеп директоры әйелін пышақтады: прокуратура істің мән-жайын баяндады
Мектеп директоры әйелін пышақтады: прокуратура істің мән-жайын баяндады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 12 қазан – Sputnik. Әйелі мен қызына пышақпен тап берген мектеп директорының ісін Ақтөбе облысының прокуроры жеке бақылауына алды. Қадағалау органы... 12.10.2022, Sputnik Қазақстан
2022-10-12T10:00+0500
2022-10-12T10:00+0500
2022-10-12T10:00+0500
мектеп директоры
https://sputnik.kz/img/1260/19/12601930_0:189:2000:1314_1920x0_80_0_0_14ef6732b3689c6ddda947364117556d.jpg
АСТАНА, 12 қазан – Sputnik. Әйелі мен қызына пышақпен тап берген мектеп директорының ісін Ақтөбе облысының прокуроры жеке бақылауына алды. Қадағалау органы елді елең еткізген оқиғаның жай-жапсарын бөлісті, деп хабарлады КТК телеарнасы.Іс материалдарына сәйкес, зардап шеккен әйел сол мектепте мұғалім болып жұмыс істейді. Тергеушілердің мәліметінше, ер адам отбасындағы жанжалдан кейін жүкті әйеліне пышақ ала жүгірген. Ол сегіз жасар өгей қызына да пышақ жарақатын салған. Әйел мен қыздың жағдайы тұрақты.Ал әріптестері ер адам туралы тек жақсы пікір айтты. Ол осыдан жарты жыл бұрын мектеп директоры қызметіне тағайындалған. Оған дейін аудандық білім бөлімінде 10 жыл әдіскер болып, тіпті мемлекеттік қызметте де жұмыс істеген. Оқиғадан кейін ол мектеп директоры қызметінен бірден босатылды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1260/19/12601930_131:0:1908:1333_1920x0_80_0_0_bd52f7671368d8cf53d8dbbbcee44962.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мектеп директоры
Мектеп директоры әйелін пышақтады: прокуратура істің мән-жайын баяндады
АСТАНА, 12 қазан – Sputnik. Әйелі мен қызына пышақпен тап берген мектеп директорының ісін Ақтөбе облысының прокуроры жеке бақылауына алды. Қадағалау органы елді елең еткізген оқиғаның жай-жапсарын бөлісті, деп хабарлады
КТК телеарнасы.
Іс материалдарына сәйкес, зардап шеккен әйел сол мектепте мұғалім болып жұмыс істейді. Тергеушілердің мәліметінше, ер адам отбасындағы жанжалдан кейін жүкті әйеліне пышақ ала жүгірген. Ол сегіз жасар өгей қызына да пышақ жарақатын салған. Әйел мен қыздың жағдайы тұрақты.
"Екеуі де жеңіл дене жарақатын алған. Ер адамға қатысты полицейлер 24-баптың 2-бөлігі – "Жүкті әйелді өлтіруге оқталу" және 99-баптың 2-бөлігі – "Кәмелетке толмаған адамды өлтіруге оқталу" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады", - деді Ақтөбе облысы прокуратурасы басқармасы басшысының орынбасары Темір Бекетов.
Ал әріптестері ер адам туралы тек жақсы пікір айтты. Ол осыдан жарты жыл бұрын мектеп директоры қызметіне тағайындалған. Оған дейін аудандық білім бөлімінде 10 жыл әдіскер болып, тіпті мемлекеттік қызметте де жұмыс істеген. Оқиғадан кейін ол мектеп директоры қызметінен бірден босатылды.