https://sputnik.kz/20221012/kuyeuinin-tanysyna-senip-qalgan-ayel-80-mln-tengeden-ayyryldy-28399729.html
Күйеуінің танысына сеніп қалған әйел 80 млн теңгеден айырылды
Күйеуінің танысына сеніп қалған әйел 80 млн теңгеден айырылды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 12 қазан – Sputnik. Қостанай облысында бірнеше адам алаяққа алданды. Ал бір әйел күйеуінің "серіктесіне" 80 миллион теңге бере салды. Полиция бұрын... 12.10.2022, Sputnik Қазақстан
2022-10-12T17:13+0500
2022-10-12T17:13+0500
2022-10-12T17:13+0500
алаяқтық
https://sputnik.kz/img/683/17/6831747_178:0:3378:1800_1920x0_80_0_0_7f27b31b84952f5f859ee3c2101e7e9b.jpg
АСТАНА, 12 қазан – Sputnik. Қостанай облысында бірнеше адам алаяққа алданды. Ал бір әйел күйеуінің "серіктесіне" 80 миллион теңге бере салды. Полиция бұрын сотталған 35 жастағы ер адамды ұстады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Полицияға арызданған әйел алаяқпен бірге бизнесті қалай бастағанын айытп берді. Оның сөзіне қарағанда, екі жыл бұрын күйеуі түрмеде жазасын өтеп жүрген. Сол кезде әйеліне қоңырау шалып, "өте жақсы досымен" кездесуді өтінді. Бір шаруасы бар екенін де жеткізді. Күйеуінің досы бірден хабарласып, бизнес ашуды ұсынды. Бірнеше айдан кейін күйеуі де колониядан босатылды. Серіктесі екеуі бизнесті ары қарай жалғастырды. Көмір шетелде апарып сатты. Ал әйел отбасының жинаған ақшасып салып отырды. 2020 жылы өзінің барлық жинақтарын шығырып, 40 млн теңгесін берді. Ал 2021 жылы пәтерді сатты. Сөйтіп, тағы 40 млн теңгесін қосты. Алаяқ осы әдіспен Қостанай қаласында тағы бір адамды алдап кеткен. Жәбірленуші "бірлескен бизнеске" бірден 35 млн теңгесін салып жіберді. Осылайша, екі жәбірленуші 115 миллион теңгеден айырылды. Жедел іздестіру шаралары кезінде күдікті ұсталып, қамауға алынды. Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігі (Алаяқтық жасау, яғни алдау және сенімді теріс пайдалану жолымен аса ірі мөлшерде бөтеннің мүлкін ұрлау) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Ол 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/683/17/6831747_578:0:2978:1800_1920x0_80_0_0_bea28df440474dd05c6b91066569f9c2.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алаяқтық
Күйеуінің танысына сеніп қалған әйел 80 млн теңгеден айырылды
АСТАНА, 12 қазан – Sputnik. Қостанай облысында бірнеше адам алаяққа алданды. Ал бір әйел күйеуінің "серіктесіне" 80 миллион теңге бере салды. Полиция бұрын сотталған 35 жастағы ер адамды ұстады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Полицияға арызданған әйел алаяқпен бірге бизнесті қалай бастағанын айытп берді. Оның сөзіне қарағанда, екі жыл бұрын күйеуі түрмеде жазасын өтеп жүрген.
Сол кезде әйеліне қоңырау шалып, "өте жақсы досымен" кездесуді өтінді. Бір шаруасы бар екенін де жеткізді. Күйеуінің досы бірден хабарласып, бизнес ашуды ұсынды.
"Жұбайым оған қатты сенгендіктен, менде еш күмән болған жоқ. Сондықтан мен оған бірден қолма – қол 1,3 млн теңгені бере салдым", – дейді 50 жастағы әйел.
Бірнеше айдан кейін күйеуі де колониядан босатылды. Серіктесі екеуі бизнесті ары қарай жалғастырды. Көмір шетелде апарып сатты. Ал әйел отбасының жинаған ақшасып салып отырды. 2020 жылы өзінің барлық жинақтарын шығырып, 40 млн теңгесін берді. Ал 2021 жылы пәтерді сатты. Сөйтіп, тағы 40 млн теңгесін қосты.
Алаяқ осы әдіспен Қостанай қаласында тағы бір адамды алдап кеткен. Жәбірленуші "бірлескен бизнеске" бірден 35 млн теңгесін салып жіберді. Осылайша, екі жәбірленуші 115 миллион теңгеден айырылды.
Жедел іздестіру шаралары кезінде күдікті ұсталып, қамауға алынды. Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігі (Алаяқтық жасау, яғни алдау және сенімді теріс пайдалану жолымен аса ірі мөлшерде бөтеннің мүлкін ұрлау) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Ол 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.