https://sputnik.kz/20221012/astanadagy-kormede-sauynshy-robot-tanystyryldy--foto-28401740.html
Астанадағы көрмеде "сауыншы" робот таныстырылды – фото
Астанадағы көрмеде "сауыншы" робот таныстырылды – фото
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 12 қазан – Sputnik. ЕХРО халықаралық көрме орталығында сиыр саууға арналған робот таныстырылды. Инновациялық әзірлеме сүттің өнімділігі мен сапасын... 12.10.2022, Sputnik Қазақстан
2022-10-12T21:47+0500
2022-10-12T21:47+0500
2022-10-12T21:47+0500
робот
сиыр
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/0c/28389382_0:120:1280:840_1920x0_80_0_0_eca68bc72ed67253bd237fe80261013a.jpg
АСТАНА, 12 қазан – Sputnik. ЕХРО халықаралық көрме орталығында сиыр саууға арналған робот таныстырылды. Инновациялық әзірлеме сүттің өнімділігі мен сапасын арттыруға мүмкіндік береді, деп мәлімдеді компанияның Қазақстандағы сату жөніндегі аймақтық директоры Александр Артюхов. "Робот үш сауу арқылы орта есеппен 60 бас сиырды сауа алады. Роботтың артықшылығы – мұнда адами факторы жоқ. Ол бір режимде жұмыс істейді, сиыр сауу кезінде тұрақтылық маңызды. Ол 2014 жылы дайындалған және содан бері жеті рет модернизацияланды. Ал біз Қазақстанға соңғы нұсқасын әкелдік", - деді Александр Артюхов. Ол роботтың Қазақстан нарығына әлі шығарылмағанын, өйткені елімізде бұл бағытта енді ғана дами бастағанын айтты. "Қазір келіссөз жүріп жатыр. Дәстүрлі сауу мен робот сауу арасындағы айырмашылықты ауқымды, кадр жағынан үлкен айырмашылық бар. Үйрену керек, теория ғана емес, тәжірибе де маңызды. Өкінішке қарай, Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар Еуропа елдерінде де білікті мамандар аз. Сондықтан біз фермерлерді даярлап, барлық кезең бойынша көмектесеміз. Бұл бағытта даму үшін фермерлерге мемлекеттік деңгейде қолдау қажет деп ойлаймын", - деп қосты Александр Артюхов. Робот Германияда жасалған, Geofarm Technology Rus еншілес компаниясы Ресейде орналасқан. "Сауыншы" робот 12-14 қазанда Астанада өтіп жатқын KazAgro/KazFarm-2022 ауыл шаруашылығы көрмесі аясында таныстырылды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/0c/28389382_0:0:1280:960_1920x0_80_0_0_6c4180a06bdbc30cddb55b545c586264.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
робот, сиыр
АСТАНА, 12 қазан – Sputnik. ЕХРО халықаралық көрме орталығында сиыр саууға арналған робот таныстырылды. Инновациялық әзірлеме сүттің өнімділігі мен сапасын арттыруға мүмкіндік береді, деп мәлімдеді компанияның Қазақстандағы сату жөніндегі аймақтық директоры Александр Артюхов.
"Робот үш сауу арқылы орта есеппен 60 бас сиырды сауа алады. Роботтың артықшылығы – мұнда адами факторы жоқ. Ол бір режимде жұмыс істейді, сиыр сауу кезінде тұрақтылық маңызды. Ол 2014 жылы дайындалған және содан бері жеті рет модернизацияланды. Ал біз Қазақстанға соңғы нұсқасын әкелдік", - деді Александр Артюхов.
Ол роботтың Қазақстан нарығына әлі шығарылмағанын, өйткені елімізде бұл бағытта енді ғана дами бастағанын айтты.
"Қазір келіссөз жүріп жатыр. Дәстүрлі сауу мен робот сауу арасындағы айырмашылықты ауқымды, кадр жағынан үлкен айырмашылық бар. Үйрену керек, теория ғана емес, тәжірибе де маңызды. Өкінішке қарай, Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар Еуропа елдерінде де білікті мамандар аз. Сондықтан біз фермерлерді даярлап, барлық кезең бойынша көмектесеміз. Бұл бағытта даму үшін фермерлерге мемлекеттік деңгейде қолдау қажет деп ойлаймын", - деп қосты Александр Артюхов.
Робот Германияда жасалған, Geofarm Technology Rus еншілес компаниясы Ресейде орналасқан.
"Сауыншы" робот 12-14 қазанда Астанада өтіп жатқын KazAgro/KazFarm-2022 ауыл шаруашылығы көрмесі аясында таныстырылды.